Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 15.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2019 131602_420242.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TEB04397
- ЭКБ идентификаторы
- 131602
- Редакция идентификаторы
- 131602_420242
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:57
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін уақытша атқарушының 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 91 ұсынысы негізінде Мұқыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мұқыр ауылының тұрғыны Қ. Ризуановтың мүйізді ірі қара малынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты тұрғын үйі аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қызылқоға аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.