Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 15.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2019 131692_406048.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KL005347
- ЭКБ идентификаторы
- 131692
- Редакция идентификаторы
- 131692_406048
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:56
0 Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №756 қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
1 1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдық округінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Бакытжан Мылтыкбайұлы Мұқанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3
3. Жаңаарқа ауданы әкімінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі №2 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №4241 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 11 мамырында, «Жаңаарқа» аудандық газетінің №18-19 (9808) санында 2017 жылдың 29 сәуірінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.