Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 1 · қабылданған 17.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131732/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·17.05.2019
30.03.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
17.05.2019
Көрсетілген редакция
30.03.2023 131732_623921.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NHL08454
ЭКБ идентификаторы
131732
Редакция идентификаторы
131732_623921
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:54

0 Қауымдық сервитут

белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Тельман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Агрофирма «Олимп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі Антоновка ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,1991 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы