Об утверждении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли города Караганды, выделенные под автостоянки (паркинги)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли города Караганды, выделенные под автостоянки (паркинги)
- Атауы (қаз.)
- Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 410
- Қабылданған күні
- 15.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2019 131746_406271.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KA005354
- ЭКБ идентификаторы
- 131746
- Редакция идентификаторы
- 131746_406271
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:56
0 Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505, 509 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық мөлшерлемені өсіру мөлшері және автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін ұлғайған базалық ставканы ескерумен автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы «15» мамырдағы
XХХVIII сессиясының
№ 410 шешіміне қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін ұлғайған базалық ставканы ескерумен автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№
Автотұрақтардың (паркингтің) типтері
Автотұрақтардың (паркингтің) санаты
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Қарағанды қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)
Базалық ставканың өсіру мөлшері
Өсіру мөлшерін есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне базалық салық мөлшерлемесі
1
Жабық типтегі жерүсті ақылы автотұрақтар (паркингтер), ашық типтегі ақылы автотұрақтар (паркингтер), көп деңгейлі ақылы автотұрақтар
1
9,65
5
48,25
2
Ғимараттардың цоколдық және (немесе) жерасты деңгейлерінде орналасқан және мұндай ғимараттардың ажырамас бөлігі болып табылатын, азаматтардың меншігіндегі көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер) мен тұрақ орындары, ақы алусыз автотұрақтар (паркингтер), қызметтік тұрақтар, халықтың мобильдік тобының көлік құралдарының тұрақтары
2
9,65
1
9,65