Об утверждении Правил использования резерва местных исполнительных органов Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 59 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 357-I Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған жергiлiктi атқарушы органдардың резервтiк қаржысын пайдалану Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмiнiң "Жергiлiктi атқару органдары резервiн пайдаланудың Ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 7 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Басқа 3. Батыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органдары резервiнiң қаражатын пайдалану ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкiмдiгiнiң
2002 жылғы 1 тамыздағы
№ 148 қаулысына
қосымша
Батыс Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органдары резервiнiң қаражатын пайдалану ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже жергiлiктi атқарушы органдары резерв қаражатын бөлудiң және пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Облыстық бюджеттiң резервi - тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте қаралған және облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен көлденең шығыстарды қаржыландыру үшiн бөлiнген қаражат.
Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi қалыптастыру кезiнде күнi бұрын жоспарлау мүмкiн емес және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдырмай қаржыландыруды талап ететiн шығыстар.
Облыстық бюджеттiң мiндеттемелерiн өтеу үшiн жергiлiктi атқарушы органдары резервiнiң құрамындағы қаражат - облыстың жергiлiктi атқарушы органдары резервiнiң құрамында көзделетiн және облыстық бюджеттiң мiндеттемелерiн өтеу үшiн облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне немесе сот шешiмдерi бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына бөлiнетiн қаражат.
Төмен тұрған бюджеттердi несиелендiру үшiн арнайы резерв - жергiлiктi бюджетке түсетiн ағымдағы түсiмдермен және ағымдағы қаржы жылы iшiнде жергiлiктi бюджеттiң тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын қаржыландыруға арналған қайтарымды негiзде төмен тұрған бюджеттерге бөлiнетiн облыстың жергiлiктi атқарушы органдары резервiнiң құрамында көзделген қаражат.
Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының резерв қаражатын алушы - облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi ауданның немесе Орал қаласының әкiмi.
Тармақ 2
2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдары резерв қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiр жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мына шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға мыналар енедi:
төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге материалдық көмектер көрсету;
зардап шеккендер үшiн уақытша тұруға, тамақтандыруға орындар дайындау және ұстау;
шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық қалпына келтiру бөлiмшелерiн құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету;
қажеттi жағдайда қосымша шығыстар тiзiмiн облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi комитет қарап жасайды және ол облыс әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақша 2
2) сот шешiмдерi бойынша атқарушы органдардың мiндеттемелерiн, сондай-ақ Қаржы министрлiгi алдындағы облыстық бюджеттiң мiндеттемелерiн өтеу.
Тармақша 3
3) төмен тұрған бюджеттердi ағымдағы қаржы жылы iшiнде несиелендiру.
Тармақша 4
4) облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен айқындалған басқа да болжанбаған шығыстар.
Тарау 2. 2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының резерв қаражатын бөлудiң және пайдаланудың тәртiбi
2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының резерв қаражатын бөлудiң және пайдаланудың тәртiбi
Тармақ 3
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен қаражат бөлу облыс әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде заңдармен белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн қаржыландыруды ашу арқылы, тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруi құрамында осы мақсаттарға бекiтiлген мөлшер шегiнде жүзеге асырылады, онда алушы, бөлiнетiн қаражаттың көлемi мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негiзде бөлiнген жағдайда, оларды берудiң шарттары мен қайтарудың мерзiмдерi көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Тәртiпте және облыс әкiмдiгiнiң резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында қаралмаған мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
Тармақ 5
5. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының резервiнен қаражат бөлу туралы облыс әкiмдiгi қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар ескерiледi:
Тармақша 1
1) облыстық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
Тармақша 2
2) үстiмiздегi жылы жергiлiктi атқарушы органдардың резерв қаржысында пайда болған қажеттiлiк және сот шешiмдерi арқылы атқарушы органдардың мiндеттемесiн өтеу жағдайын қоспағанда алушының өткендегi мiндеттемелерiне байланысты емес жағдайлар.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмдiгiнiң арнаулы резервiнен төмен тұрған бюджеттерге несие беру туралы қаулысын қоспағанда облыс әкiмдiгiнiң облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының резервiнен қаражат бөлу туралы қаулысы бөлiнген несие толық өтелгеннен кейiн, жыл аяғында күшiн жояды.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу
3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының резервiнен қаражат бөлу туралы өтiнiштердi облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi комитет қарайды.
Тармақ 8
8. Негiздемелiк материалдарды берудiң тәртiбiн және олардың тiзбесiн облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма айқындайды.
Тармақ 9
9. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған кезде облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын заңдарда белгiленген тәртiппен облыс әкiмдiгiне енгiзедi.
Тармақ 10
10. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандық жергiлiктi атқарушы органдардың резервтер қаражаттарының есебiнен қаржыландырылуы тиiс.
Тарау 4. 4. Соттардың шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге қаражат бөлу
4. Соттардың шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге қаражат бөлу
Тармақ 11
11. Сот шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда жергiлiктi атқару органдарының резервi есебiнен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 12
12. Облыстық бюджеттiң мiндеттемелерiн өтеуге жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен қаражат бөлу туралы облыс әкiмдiгi қаулысының жобасын Заңдарда белгiленген тәртiппен облыстық қаржы басқармасы дайындайды.
Тармақ 13
13. Жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен қаражат бөлу туралы облыс әкiмдiгi қаулысының жобасын Заңдарда белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдар дайындайды.
Тарау 5. 5. Төмен тұрған бюджеттердi несиелендiру үшiн арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану
5. Төмен тұрған бюджеттердi несиелендiру үшiн арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану
Тармақ 14
14. Төмен тұрған бюджеттердi несиелендiруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшiн аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi облыс әкiмдiгiне және облыстық қаржы басқармасына тиiстi негiздемелерiмен және есептемелерiмен бiрге облыстық бюджеттiң резервiнен қаражат бөлу туралы өтiнiштерiн тапсырады.
Тармақ 15
15. Облыстық қаржы басқармасы берiлген өтiнiштiң негiзiнде, сондай-ақ ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған облыс әкiмдiгi қаулыларын және төмен тұрған бюджеттерге бұрын берiлген несиелер туралы деректердi ескере отырып, төмен тұрған бюджеттердi несиелендiру үшiн арнайы резервтен қаражат бөлудiң мүмкiндiгi не мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Төмен тұрған бюджеттердi несиелендiруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшiн:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте аудандардың және Орал қаласының бюджеттерiн несиелендiру үшiн көзделген сомалардың болуы;
Тармақша 2
2) жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен бекiтiлген және жергiлiктi бюджетке түсетiн ағымдағы түсiмдермен және белгiлi бiр есептi кезең үшiн жергiлiктi бюджеттiң тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етiлген жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын қаржыландыруға бөлiнетiн қаражаттың бағыты;
Тармақша 3
3) бөлiнетiн несиенiң сомасы жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылында облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленген қарызға алған сомадан артық болмауы тиiс.
Тармақ 16
16. Аудандардың және Орал қаласы әкiмдерiнiң өтiнiшi бойынша оң қорытынды болған кезде облыстық қаржы басқармасы төмен тұрған бюджеттердi несиелендiру үшiн облыстық бюджеттiң арнайы резервiнен ақша бөлу туралы қаулының жобасын облыс әкiмдiгiнiң қарауына енгiзедi.
Тармақ 17
17. Төмен тұрған бюджеттердi несиелендiру үшiн облыстық бюджеттiң арнайы резервiнен несие берудiң және қайтарудың тәртiбi мен шарттарын облыс әкiмдiгi белгiлейдi.
Тарау 6. 6. Басқа болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу
6. Басқа болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу
Тармақ 18
18. Жергiлiктi атқарушы органдар резервiнен болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi облыстық қаржы басқармасына тиiстi негiздемелерiмен және есептемелерiмен қаржы бөлу туралы өтiнiш тапсырады.
Тармақ 19
19. Облыстық қаржы басқармасы берiлген өтiнiштiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдары резервiнен қаржы бөлудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Тармақ 20
20. Өтiнiштердi қарау кезiнде ағымдағы қаржы жылында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаржыны тиiмдi бөлу мақсатында ағымдағы әр тоқсанда жергiлiктi атқарушы органдар резервiнен болжанбаған шығыстарға арналып бөлiнетiн қаржы сомасы жергiлiктi бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға арналып қаралған қаржының 25% аспауы тиiс. Соның өзiнде жергiлiктi атқарушы органдар резервiнен осы мақсатқа қаржы бөлу туралы облыс әкiмдiгiнiң қаулысы есепке алынады.
Тармақ 21
21. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiшi оңды шешiм алған жағдайда басқа да болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу туралы облыс әкiмдiгi қаулысының жобасын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың сол әкiмшiсi заңнамаларда белгiленген тәртiппен әзiрлейдi.
Тармақ 22
22. Аудандардың және Орал қаласы әкiмдерiнiң өтiнiшi оңды шешiм алған жағдайда басқа да болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу туралы облыс әкiмдiгi қаулысының жобасын облыстық қаржы басқармасы заңнамаларда белгiленген тәртiппен әзiрлейдi.
Тарау 7. 7. Бақылау және есептiлiк
7. Бақылау және есептiлiк
Тармақ 23
23. Облыстық бюджеттiң резервiнен бөлiнген қаражатты алушылар есеп беруi керек.
Тармақ 24
24. Облыстық қаржы басқармасы облыс әкiмдiгiне ай сайын жергiлiктi атқарушы органдары резервi қаражатының пайдаланылуы және қалдықтары туралы ақпарат бередi.
Тармақ 25
25. Облыстық бюджеттiң резервiнен бөлiнген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы үшiн алушы Қазақстан Республикасының Заңдарында қаралған тәртiппен жауап бередi.
Тармақ 26
26. Жергiлiктi атқарушы органдары резервiнен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды облыстық қаржы басқармасы мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.