Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Государственной молодежной премии "Дарын" Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 1038 · қабылданған 19.09.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13179/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Некоторые вопросы Государственной молодежной премии "Дарын" Правительства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1038 ·19.09.2002
28.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Государственной молодежной премии "Дарын" Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1038 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Государственной молодежной премии "Дарын" Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1038
Қабылданған күні
19.09.2002
Көрсетілген редакция
28.07.2015 AI13179_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020001038_
ЭКБ идентификаторы
13179
Редакция идентификаторы
AI13179_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:49

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2015 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1-тармақта "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы ережеде:

1-тармақта:
"қоғамдық, кәсіби жағынан танылған" деген сөздер алынып тасталсын;
"беріледі." деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.";

2 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

2 "2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.";

4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.";
екінші абзацта:
"жұмысты" деген сөз "кандидатураны" деген сөзбен ауыстырылсын;
", сондай-ақ еңбектерінің жиынтығы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың бірінші абзацында:
"Шығармалар мен еңбектерді ұсыну, оларды", "сараптау және" деген сөздер алынып тасталсын;
"қабылдау" деген сөздің алдында "Конкурстық құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
"сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

6 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.
Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады.";
7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кандидатураларды сыйлыққа орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіби одақтар, қоғамдық жастар бірлестіктері және өзге де ұйымдар ұсынады.";
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Ғылым" атауы бойынша үміткерлерге міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қосымша беріледі.";
8-тармақта:
"қатысатын жұмыстар" деген сөздер "қатысушы кандидаттардың қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"көпшілік алдында көрсетілуі және" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақтағы "басқа да жұмыстарымен" деген сөздер "қызметімен" деген сөзбен ауыстырылсын;

10 10-тармақ алынып тасталсын;

12-тармақтағы "өзара" деген сөз "олардың мүшелері арасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комиссиясы туралы ережеде:

тақырыбында "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

1 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жүзеге асырады.";
2-тармақтың үшінші абзацындағы "25" деген сан "17" деген санмен ауыстырылсын;
3-тармақта:
екінші абзацтағы "жұмыстарды" деген сөз "кандидатуралардың конкурстық құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
"жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
"авторлар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацта:
"жұмыстардың" деген сөз "кандидатуралардың қызметін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
"үшін, олар жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы "жұмыстарды" деген сөз "кандидатураларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "жұмысы" деген сөз "кандидатурасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2.

📌 Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.26. N 897 қаулысымен .

3 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 шілдедегі N 1074 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 365-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

Қолданыстағы