Құжат мәтініне өту

Об изменении границ населенных пунктов Ордабасинского района

Қаулы · № 43/2 · қабылданған 25.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131808/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об изменении границ населенных пунктов Ордабасинского района Қолданыста Қаулы ·№ 43/2 ·25.04.2019
25.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ населенных пунктов Ордабасинского района

Қолданыста Қаулы ·№ 43/2 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ населенных пунктов Ордабасинского района
Атауы (қаз.)
Ордабасы ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43/2
Қабылданған күні
25.04.2019
Көрсетілген редакция
25.04.2019 131808_407098.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UH005030
ЭКБ идентификаторы
131808
Редакция идентификаторы
131808_407098
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:12

0 Ордабасы ауданы бойынша елді

мекендердің шекараларын өзгерту
туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ордабасы аудандық жер қатынастар бөлімі және Ордабасы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:

1 1) 54,9 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Дербес елді мекенінің жалпы ауданы 159,4 гектар;

2 2) 1,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Ақбұлақ елді мекенінің жалпы ауданы 253,0 гектар;

3 3) 10,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Қараспан елді мекенінің жалпы ауданы 280,0 гектар;

4 4) 35,55 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Көктөбе елді мекенінің жалпы ауданы 226,55 гектар;

5 5) 41,86 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Ынталы елді мекенінің жалпы ауданы 215,86 гектар;

6 6) 88,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Шұбар елді мекенінің жалпы ауданы 397,6 гектар;

7 7) 26,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Ұялыжар елді мекенінің жалпы ауданы 198,0 гектар;

8 8) 10,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Ықылас темір елді мекенінің жалпы ауданы 140,5 гектар;

9 9) 8,57 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Бадам елді мекенінің жалпы ауданы 651,57 гектар;

10 10) 8,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Ынтымақ елді мекенінің жалпы ауданы 106,0 гектар;

11 11) 3,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Амангелді елді мекенінің жалпы ауданы 96,49 гектар;

12 12) 55,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Береке елді мекенінің жалпы ауданы 145,8 гектар;

13 13) 25,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Жусансай елді мекенінің жалпы ауданы 78,2 гектар;

14 14) 35,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Тоқсансай елді мекенінің жалпы ауданы 134,3 гектар;

15 15) 245 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбарсу ауыл округі Шұбарсу елді мекенінің жалпы ауданы 2271,5 гектар болып өзгертілсін.

2 2. «Ордабасы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы