Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района и его описания

Қаулы · № 71 · қабылданған 13.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131813/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района и его описания Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·13.05.2019
07.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района и его описания

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов Казалинского района и его описания
Атауы (қаз.)
Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
13.05.2019
Көрсетілген редакция
07.08.2020 131813_475581.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19LD006791
ЭКБ идентификаторы
131813
Редакция идентификаторы
131813_475581
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:00

0 Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Қазалы ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «13» мамырдағы
№71 қаулысына қосымша
Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары және оның сипаттамасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары және оның сипаттамасы (әрі қарай - Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру тәртібін және оның сипаттамасын белгілейді.

2 2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - Куәлік) «Б» корпусының мемлекеттік қызметшісінің Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарында атқаратын лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

3 3. Қызметтік куәлік:

1 1) аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына және қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне - Қазалы ауданы әкімінің қолы қойылып;

2 2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлеріне - бөлім басшысының қолы қойылып;

3 3) қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлеріне – қала, кент, ауылдық округ әкімінің қолы қойылып беріледі.

4 4. Куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәліктің жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

5 5. Мемлекеттік қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылған, жұмыстан босатылған, лауазымы ауысқан кезде, тиісті өкім/бұйрық шыққан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде куәлікті:

1 1) аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары және қала, кент, ауылдық округ әкімдері аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне;

2 2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлері бөлімнің кадр жұмысына жауапты қызметкеріне;

3 3) қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері аппараттың кадр жұмысына жауапты қызметкеріне тапсырады.

6 6. Куәліктердің берілуін және қайтарылуын есепке алу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

7 7. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды персоналды басқару бөлімінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қала, кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының кадр жұмысына жауапты қызметкерлері еркін нысандағы тиісті актіні жасай отырып, жүргізеді.

8

8. Куәлік жоғалған жағдайда оның иесі тиісінше шұғыл түрде персоналды басқару бөлімінің басшысына, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, қала, кент, ауылдық округі әкімдеріне ол туралы жазбаша түрде хабарлайды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама береді.

9

9. Куәлікті жауапсыз сақтау нәтижесінде оны жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ куәлікті басқа адамдарға берудің, куәлікті жеке қызметтік емес мақсаттарға пайдаланудың әрбір фактісі бойынша персоналды басқару бөлімінің басшысы, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қала, кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының кадр жұмысына жауапты қызметкерлері белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

10 10. Куәлік 2 жыл мерзімге беріледі.

3 3. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

11 11. Куәліктің мұқабасы көгілдір түсті жасанды былғарыдан, алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдерінде «КУӘЛІК», «УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген жазба жазылады.

12 12. Куәліктің ашылған түріндегі мөлшері 6,5 x 20 сантиметр, ішкі бетінің мөлшері 6 x 8,5 сантиметрді құрайды. Сол жақ және оң жақ ішкі бөліктері көгілдір түсті қорғаныштық тангирде күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленіп ақ түсті фонда орындалған.

13

13. Екі жағының да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімдігі», «Акимат Казалинского района Кызылординской области» деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, қызметкердің мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атқаратын лауазымы көрсетіледі.

14 14. Сол жағында: тиісінше Қазалы ауданы әкімінің, бөлім басшысының, қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің қолымен және елтаңбалы мөрімен расталған көлемі 3 х 4 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті) қазақ тіліндегі мәтін.

15 15. Оң жағында: ақ түсті фонда көлемі 2,6 х 3,6 сантиметр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу.

28 Қазалы ауданының жергілікті атқарушы

органдарының мемлекеттік қызметшілеріне
қызметтік куәлікті беру қағидаларына қосымша
нысан
Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерін беру, қайтару журналы

Тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда)
Атқаратын лауазымы
Берілген күні
Куәлік нөмірі
Куәлікті алғаны туралы қолтаңба
Тапсырған күні
Куәлікті қайтарғаны туралы қолтаңба
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы