Об утверждении Правил взаимодействия Комитета финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан с органами прокуратуры, национальной безопасности, внутренних дел и финансовой полиции Республики Казахстан по Закону Республики Казахстан "О контроле за исполнением республиканского и местных бюджетов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил взаимодействия Комитета финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан с органами прокуратуры, национальной безопасности, внутренних дел и финансовой полиции Республики Казахстан по Закону Республики Казахстан "О контроле за исполнением республиканского и местных бюджетов"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарымен және қаржы полициясымен өзара iс-қимыл жасасу ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 361
- Қабылданған күні
- 07.08.2002
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2008 AI13188_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020001966_
- ЭКБ идентификаторы
- 13188
- Редакция идентификаторы
- AI13188_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:53
0
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарымен және қаржы полициясымен өзара iс-қимыл жасасу ережесiн бекiту туралы
2
3
"Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру және мемлекеттiк бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономика саласындағы тәртiп бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарымен және қаржы полициясымен өзара iс-қимыл жасасу ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң төрағасы Ф.Ф.Сутуловқа жүктелсiн.
4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелген күнінен бастап күшіне енедi.
7 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетiнiң "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарымен және қаржы полициясымен өзара iс-қимыл жасасу ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары
- Қаржы министрiнiң
2002 ж. 8 тамыз N 361
бұйрығымен
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2002 ж. 23 шілде N 37
бұйрығымен
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2002 ж. 4 қыркүйек N 566
бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi төрағасының
2002 ж. 8 тамыз N 145
бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Қаржы
полициясы агенттiгi төрағасының
2002 ж. 8 тамыз N 101 бұйрығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетiнiң "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарымен және қаржы полициясымен өзара iс-қимыл жасасу ЕРЕЖЕСI
1 1. Жалпы бөлiм
1
1. Осы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсiздiк, Ішкi iстер органдарымен және қаржы полициясымен өзара iс-қимыл жасасу ережесі (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау органы) республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражатын пайдалануда бақылау объектілерi лауазымды тұлғаларының қылмыстық белгiлерiн анықтаған жағдайда прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қаржы полициясы органдарымен (бұдан әрi - құқық қорғау органы) өзара iс-қимыл жасасу тәртiбiн анықтайды.
2 2. Мемлекеттiк бақылау органының құқық қорғау органымен өзара іс-қимыл жасасу қызметiндегi басым мәселелердiң бірi республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау болып табылады.
2 2. Өзара iс-қимыл жасасуды ұйымдастыру
3 3. Мемлекеттік бақылау органы жоспарлы және жоспардан тыс бақылау жүргiзедi.
Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын жоспарлы бақылауды мемлекеттiк бақылау органы мемлекеттік бақылаушы және құқық қорғау органының берген ұсыныстарының негiзiнде жасалған Бақылау жүргізу жоспарына сәйкес жылына екi рет ағымдағы жылдың 10 маусымына және 10 желтоқсанына жүзеге асырады.
Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын жоспардан тыс бақылауды мемлекеттік бақылау органы "Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағына сәйкес қылмыстық қудалау органының республикалық және жергiліктi бюджеттердің қаражатын пайдалануда тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша тексеру жүргізу туралы қаулысы болған кезде жүргізедi.
Құқық қорғау органы жоспарлы және жоспардан тыс бақылау жүргізу жөнiндегi ұсыныстарды мемлекеттік бақылау органына енгiзедi.
4 4. Мемлекеттік бақылау органының басшысы құқық қорғау органының тексеру жүргізу туралы қаулысын алып, үш күндiк мерзiмде құқық қорғау органын бақылау жүргізу мүмкіндiктері мен оны бастау мерзiмдерi хабардар етуге мiндетті.
5
5. Алған құжаттар бойынша құқық қорғау органының қызметтiк үй-жайында бақылау жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылау органының қызметкерiне (бұдан әрi - бақылау қызметкерi) қажет болған кезде бақылау жүргізуге қатысты мәселелер бойынша түсiндiрулер бере отырып, қажеттi техникалық қамтамасыз етуi бар жеке жұмыс орны берiледi.
6 6. Бақылау бағдарламасын келiсу кезiнде мемлекеттік бақылау органының құзыретіне жататын мәселелер, бақылау жүргiзу кезiнде олардың қатысуы қажет бақылау объектiсiнің лауазымды және материалдық-жауапты тұлғаларының шеңберi нақтыланады.
7
7. Бақылау объектiсінің лауазымды тұлғалары қажетті құжаттарды беруден бас тартқан не бақылау жүргізу кезiнде өзге кедергiлер туындаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша бақылау жүргiзiлетін құқық қорғау органы бақылау қызметкерiне қажеттi құжаттарды кедергісiз және уақытылы берiлуіне ықпал етедi, бақылау объектiсі лауазымды тұлғаларының тарапынан мүмкiн қарсы iс-әрекеттердi ескертедi.
8 8. Бақылау қызметкерi жеке қауіпсiздігіне төнген қатер туралы, бақылау жүргiзуге қарсы iс-қимыл бойынша бақылау объектісі қабылдайтын оған белгілі болған басқа да шаралар туралы құқық қорғау органын хабардар етедi, көрсетiлген мәселелер жөнінде құқық қорғау органының ұсынымдарын орындайды.
3 3. Бақылау жүргiзу
9
9. Бақылау жүргізу кезінде қажет болған жағдайларда құқық қорғау органы бақылау қызметкерінің сұрау салулары бойынша бақылау объектілерiнiң орналасқан орнының мекен-жайларын iздестiруге, бақылау жүргiзу уақытында болсын, басқа кезеңдерде болсын жұмыс iстейтін бақылау объектiсінiң лауазымдық, материалдық-жауапты тұлғаларының не басқару функцияларын орындайтын тұлғалардың болуына және олардан түсінiктер алуға жәрдемдеседi.
10
10. Бақылау қызметкерi тексеру барысында құқық қорғау органының алдына бақылау бағдарламасын мазмұны мен мерзiмдерi бойынша түзету туралы мәселе қоя алады. Бақылау жүргiзу мәселелерi мен мерзімдерін көрсетілген түзетуге мемлекеттік бақылау органы мен құқық қорғау органы басшылығының өзара келiскен негізінде ғана жол беріледi.
4 4. Бақылау жүргiзу актiсiн жасау және бақылау нәтижелерiн ресiмдеу
11
11. Бақылау қызметкерi бақылау нәтижелерiн бақылау жүргізу актісімен (бұдан әрi - акт) оған құжаттардың көшiрмелерiн, ал қозғалған қылмыстық ic бойынша құжаттардың, лауазымды және материалдық-жауапты тұлғалардың түсiндiрулерiн қоса бере отырып, ресiмдейдi, оларға бақылау актiсiнiң мәтiнінде тиiстi сiлтемелер жасалады.
12 12. Актiде бақылау қызметкері лауазымды және материалдық-жауапты тұлғалардың iс-әрекетiне моральдық-этикалық баға бермеуі, олардың әрекеттерi, ниетi мен мақсаты бiлiктілік деп танылмауы, жалған бағалық немесе кінә тағу ойы бар ұғымдар мен фразаларды қолданбауы керек.
13 13. Бақылау қызметкерi тексеру аяқталғанға дейiн тексерiлген не оларды аяқтау жөнiндегi себептер мен ұсыныстарды көрсете отырып, толық көлемде тексерiлмеген бұрын келiсiлген мәселелер бойынша тексеру нәтижелерi туралы жұмыс тәртiбiмен құқық қорғау органын жазбаша хабардар етедi.
14 14. Актіге бақылау қызметкерi - орындаушы қол қояды және танысу мен қол қою үшiн тексеру аяқталғаннан кейінгі ағымдағы не келесi жұмыс күнінің iшінде бақылау объектiсiнiң басшысына, бас бухгалтерге, ал қажет болған кезде басқа да лауазымды тұлғаларға жiберіледі.
15
15. Бақылау объектiсі басшысының немесе бас бухгалтерінiң тарапынан акт бойынша қарсылықтар немесе ескертулер болған кезде мемлекеттiк бақылау органының басшысы түскен қарсылықтарды қарайды және қарсылықтар түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде бақылау объектiсiнің басшысына қорытынды береді, содан кейiн актiге қол қойылды деп саналады.
16 16. Акт ресімделгеннен және қарсылықтармен, ескертулермен және қорытындылармен толықтырылғаннан кейiн оған қол қойылғаннан немесе бақылау қызметкерi іссапардан келгеннен кейiнгi келесi жұмыс күнінен кешіктiрілмей мемлекеттiк бақылау органының басшысына берiлуi тиiс.
17 17. Актiмен танысу және оған қол қою үшiн осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда актiге бақылау қызметкерi ғана қол қояды, ол туралы келесi құжат жасалады.
5 5. Бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына беру тәртiбi
18 18. Акт қосымшаларымен бiрге мемлекеттiк бақылау органының басшысына берiлгеннен кейін үш күндiк мерзiмде оның тапсырмасы бойынша бақылау жүргiзiлген құқық қорғау органының тiзiмдемесi бойынша жіберіледi.
19
19. Мемлекеттік бақылау органының бастамасы бойынша жүргізілген тексерудiң қорытындысы бойынша, бақылау объектiсінің қаржы-шаруашылық қызметінде жетiспеушiліктер, талан-таражға салу, терiс пайдалану және өзге құқық бұзушылықтар фактілерi анықталған кезде актiлер ресiмдеу аяқталғаннан кейiн үш күндiк мерзiмде процессуалдық шешiм қабылдау үшін прокуратура органдарына берiледi.
20 20. Берiлетiн материалдар мыналарды:
1 1) мемлекеттiк бақылау органының басшысы қол қойған тәртiп бұзушылық фактiлерi туралы ілеспе хатты;
2
2) лауазымды тұлғалар қол қойған актiлердi, оның iшінде аралық, қарсы актiлердi қамтуы тиiс, онда жiберiлген тәртiп бұзушылықтар және тиiстi нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасала отырып олардың сомасы келтiрiледi. Бақылау материалдарына анықталған фактiлерге қатысты құжаттардың куәландырылған көшiрмесi ал қозғалған қылмыстық iс бойынша құжаттардың түпнұсқалары (шоттар, ведомостер, ордерлер, банктердің тапсырмалары, чектер, нарядтар, актiлер, бұйрықтар және өзге де құжаттар) лауазымды тұлғалардың жазбаша түсiндірулерi мен қарсылықтары, мемлекеттiк бақылау органының қорытындысы (актi бойынша қарсылықтар болған кезде) қосылады.
21 21. Құқық қорғау органының жазбаша сұрау салулары бойынша мемлекеттiк бақылау органы үш күндiк мерзiмде негiздi шешiм қабылдау үшiн қажет қосымша материалдарды беруге мiндеттi.
22 22. Құқық қорғау органы заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда бiр айдың iшiнде көрсетiлген органдарға берiлген бақылау материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы мемлекеттiк бақылау органын хабардар етедi.
6 6. Қорытынды ережелер
23 23. Жоғары тұрған органдарға баяндамалар және ақпараттар түрiнде бақылау материалдарын iске асыру кезiнде құқық қорғау органдары мiндеттi түрде бақылауды бiрлесiп жүргiзгендiгi туралы көрсетедi.
24 Қаржы бақылау комитетінің ______________ облысы бойынша басқармасының 200__ жылғы _______ бастап _____ қоса алғандағы жағдай бойынша Тексеру актісі
24. Бақылау материалдарының iске асырылуын бақылауды күшейту мақсатында мемлекеттiк бақылау органы және құқық қорғау органдары қоса берiлiп отырған нысан бойынша бiрлескен iс-шаралардың қорытындыларын жарты жылдық және жылдық өзара салыстыруларды жүргiзедi.
бірлескен бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қаржы бақылау комитетінің "Республикалық және
жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау
туралы" Қазақстан Республикасының заңы бойынша
Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық
қауіпсіздік, ішкі істер органдарымен және қаржы
полициясымен өзара іс-қимыл жасасу ережесіне
қосымша
Қаржы бақылау комитетінің ______________ облысы бойынша басқармасының 200__ жылғы _______ бастап _____ қоса алғандағы жағдай бойынша Тексеру актісі
--------------------------------------------------------------------
р/р!Тексерілген !Тексеру !Тексерудің!Қолд.заңнаманы!Текс. !Мате.
N !кәсіпорынның!жүргізудің!аяқталу !және норматив.!серу !риал.
!атауы !бастамашы.!мерзімі !актілерді бұза!барыс.!дарды
! ! ! !отырып жүргіз.!ында !беру
! ! ! !ілген шығыстар!өтелге!шығ.
! ! ! !дың сомасы !ні !N және
! ! ! !--------------! !күні
! ! ! !барлығы! с.і. ! !
! ! ! ! !жеткі.! !
! ! ! ! !ліксіз! !
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Материалдарды!Әзірленген!Қозғалған!Қылмыстық !Алдын-ала !Жіберіл.
қайтару күні !материалды!істің !іс қозғалған!тексеру- !ген ма.
және себебі !қайта беру!күні !тұлғалардың !барысында !териал.
!күні !және N !тегі,аты-жөні!өтелген !дар бойы
! ! ! !шығыстардың!нша өзге
! ! ! !сомасы !шешім
! ! ! ! !қабыл.
! ! ! ! !данды --------------------------------------------------------------------
9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
-------------------------------------------------
Сотқа жіберілген !Қылмыстық іс ! Қысқартылған
қылмыстық істер !қозғаудан ! іс, бас
бойынша талап !бас тартылды ! тартылған
қойылды !N және күні ! материалдар
-----------------!ҚПК бабы ! бойынша талап
кімнің !сомаға ! ! қою тоқтатылды
пайдасына! ! !-----------------
! ! ! кімнің !сомаға
! ! !пайдасына!
-------------------------------------------------
15 ! 16 ! 17 ! 18 ! 19
-------------------------------------------------
Ескерту: есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне жасалады
Қол орны _________________________ ҚР ҚМ ҚБК
(Т.А.Ж. лауазымы)
Қол орны _________________________ Құқық қорғау органы
(Т.А.Ж. лауазымы)