О делении территории Тупкараганского района Мангистауской области на зоны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О делении территории Тупкараганского района Мангистауской области на зоны
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 104
- Қабылданған күні
- 27.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2019 131903_437543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19M0003906
- ЭКБ идентификаторы
- 131903
- Редакция идентификаторы
- 131903_437543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:47
0 Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының аумағын
аймақтарға бөлу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 «Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6027 болып тіркелген) және Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 55 «Карантин белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3877 болып тіркелген) сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 10-18/88 және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 01-19/295 хаттарының негізінде, мүйізді ұсақ малдарының шешек ауруы бойынша қолайсыз аймақта жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау мақсатында, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының аумағы келесідей аймақтарға бөлінсін:
1 1) «Бегеш», «Сұршоқы» қыстақтарының аумақтары енгізілген 5 шақырым радиустағы мүйізді ұсақ малдың шешек ауруының эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймақ;
2 2) «Арқартөбе», Жараулы», «Жетіқыз», «Қаңға», «Мұрынқора», «Сәубет», «Сақақұдық», «Тоғжан» «Шұқырауыл» қыстақтарының аумақтары енгізілген 10 шақырым радиустағы буферлік аймақ;
3 3) «Қызылөзен» ауылы, «Ақшоқы», «Ақмолалы», «Белігайлы», «Жерсенгір», «Кіштін», «Қарағашты», «Қорып» «Қызылсығара», «Мешітті қора», «Мөлдір», «Нұрқабай», «Орта қора», «Сағажа», «Сүрелі», «Шалкөсе» қыстақтарының аумақтары енгізілген 15 шақырым радиустағы бақылау аймағы;
4 4) белгіленген аймақтардан тыс орналасқан Түпқараған ауданының аумақтары қолайлы аймақтарға жатқызылсын.
2
2. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш. Хамиев), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (Қ. Мырзатов) (келісім бойынша), Түпқараған ауданының әкімі (А. Хамиев) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.
3
3. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш. Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.