О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 283
- Қабылданған күні
- 17.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2019 131909_407200.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NS008461
- ЭКБ идентификаторы
- 131909
- Редакция идентификаторы
- 131909_407200
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:53
0 Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ұзынкөл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 290 (2015 жылғы 26 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 болып тіркелген);
2
2) «Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 290 «Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 125 (2017 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7238 болып тіркелген).