Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в Панфиловском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в Панфиловском районе
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 241
- Қабылданған күні
- 16.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2025 I131928_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19DP005136
- ЭКБ идентификаторы
- 131928
- Редакция идентификаторы
- I131928_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:55
0 Панфилов ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Панфилов аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3
3. Панфилов ауданы әкімдігінің «Панфилов ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 284 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3129 тіркелген, 2015 жылдың 30 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Роза Азаматовна Мағруповаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Панфилов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «16» мамырдағы
«Панфилов ауданында үгіттік
баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды
белгілеу және кандидаттарға
сайлаушылармен кездесуі
үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 241 қаулысына 1-қосымша
Панфилов ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
орындар
1. Жаркент қаласы бойынша:
1) Жаркент қаласы, Жібек жолы даңғылы (Розыбакиев көшесінің аралығы);
2) Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, Жаркент перзентханасы ғимаратының жанындағы стенд;
3) Жаркент қаласы, Розыбакиев және Беспаев көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, № 51 б, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жетісу облысы бойынша филиалының Панфилов аудандық бөлімі ғимаратының жанындағы стенд.
5) Жаркент қаласы, Тен Ин ер көшесі, № 20, Головацкий ауылдық медициналық амбулатория жанындағы стенд;
6) Жаркент қаласы, Нұржеке батыр көшесі, № 10, Жерұйық фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
2. Басқұншы ауылдық округі бойынша:
1) Басқұншы ауылы, Қарабалаев көшесі, № 77, Басқұншы ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Алмалы ауылы, Елтінді батыр көшесіндегі Алмалы пошта байланыс бөлімшесінің жанындағы стенд.
3. Атамекен ауылдық округі бойынша:
1) Атамекен ауылы, Уәлиханов көшесі, № 37, Атамекен дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2) Атамекен ауылы, оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Атамекен дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
3) Ынтымақ ауылы, Мухамади көшесі, № 1, Төменгі Пенжім фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
4) Қорғас ауылы, Жібек жолы көшесі, № 22, Қорғас медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
5) Ават ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 1, Ават фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
4. Бірлік ауылдық округі бойынша:
1) Алтыүй ауылы, Желтоқсан көшесі, № 21, Алтыүй ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Надек ауылы, Асанова көшесі, № 11, Надек ауылдық клубы ғимаратының жанындағы стенд;
3) Шежін ауылы, Қастеев көшесі, № 29/1, Шежін медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
4) Сүптай ауылы, Абай көшесі, Суптай фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
5. Талды ауылдық округі бойынша:
1) Талды ауылы, Пащенко көшесі, № 57, Д. Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы ғимаратының жанындағы стенд;
2) Еңбекші ауылы, Е. Сыпатаев көшесі, № 27, Е. Сыпатаев атындағы орта мектебі жанындағы стенд;
6. Сарыбел ауылдық округі бойынша:
1) Сарыбел ауылы, Сатай батыр көшесі, Сарыбел дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2) Садыр ауылы, Тохтамов көшесі, №47 Садыр фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Тұрпан ауылы, Қастеев көшесі, № 5, Тұрпан ауылының мәдениет үйі жанындағы стенд.
7. Үшарал ауылдық округі бойынша:
1) Үшарал ауылы, Абай көшесі, № 62, Үшарал дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2) Ақарал ауылы, Уәлиханов көшесі, № 9/1, Ақарал медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
8. Үлкеншыған ауылдық округі бойынша:
1) Үлкеншыған ауылы, Сатай батыр көшесі, № 29/2, Үлкеншыған дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2) Кішішыған ауылы, Бегімбетов көшесі, № 53, Кішішыған дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
3) Қырыққұдық ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 7, Қырыққұдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
4) Ақкент ауылы, Ақкент көшесі, Ақкент медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
9. Көктал ауылдық округі бойынша:
1) Көктал ауылы, Желтоқсан көшесі, № 1, Көктал ауылдық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;
2) Көктал ауылы, Уәлиханов және Ә. Ыбыраймолдаұлы көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Ақжазық ауылы, Кітапбек көшесіндегі Ақжазық пошта байланыс бөлімшесінің жанындағы стенд;
4) Аққұдық ауылы, Орталық көшесі, № 4/1, Аққұдық медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
10. Айдарлы ауылдық округі бойынша:
1) Айдарлы ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, Айдарлы дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2) Дарбазақұм ауылы, Мәметова көшесі, Дарбазақұм медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Сарпылдақ ауылы, Бейбітшілік көшесі, Сарпылдақ медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
11. Қоңырөлең ауылдық округі бойынша:
1) Қоңырөлең ауылы, Сейфулин көшесі, № 1/2, Қоңырөлең ауылдық "Қызғалдақ" балабақшасы мемлекеттік мекемесі жанындағы стенд;
2) Ынталы ауылы, Қожбанбет би көшесі, № 13, Ынталы медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Бөрібай би ауылы, Қожбанбет би көшесі, № 1 а, Бөрібай би медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
4) Сарытөбе ауылы, Абая көшесі, № 3, Сарытөбе медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд;
5) Керімағаш ауылы, Жастар көшесі, Керімағаш медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
12. Үлкенағаш ауылдық округі бойынша:
1) Әулиеағаш ауылы, Шәнті би көшесі, № 4, Әулиеағаш ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Көктал-Арасан ауылы, Уәлиханов көшесі, Көктал-Арасан медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд.
13. Шолақай ауылдық округі бойынша:
1) Шолақай ауылы, Шолақай көшесі, № 76, Шолақай дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2) Диханқайрат ауылы, Азимбаев көшесі, Диханқайрат фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
7 Панфилов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «16» мамырдағы
«Панфилов ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру
туралы» № 241 қаулысына
2-қосымша
Панфилов ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар