Алматы облысының аумағында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге (шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға) берілген учаскелерде құрылыс нысандары мен кешендерін салудың тәртібі жөніндегі уақытша Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.06.2004 № 6-67 шешімімен.
Облыс аумағында жер учаскедері тұрақты немесе уақытша пайдалануға және шартты жағдайда жалға берілген, ауылшаруашылығымен айналысатын 26000-ден астам шаруа және фермерлік қожалықтгар мен кәсіпорындар бар. Бұл учаскелерде тұрғын үй ғимараттары, өндірістік нысандар және кешендерін сәулет-қала құрылысы құжаттарынсыз және құрылыс салуға рұқсатсыз жүргізілуде.
"Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылсы туралы" заңын сақтау, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға жұмысын жүргізуге берілген жер уческелерінде құрылыс салуды тәртіпке келтіру, ауылшаруашылығы нысандары мен кешендерін қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету Алматы облысының Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Алматы облысының аумағында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге (шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға) берілген учаскелерде құрылыс нысандары мен кешендерін салудың тәртібі жөніндегі уақытша Ережені бекіту туралы от 14.05.2001 г. № 5-130 (Алматы облысының аумағында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге (шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға) берілген учаскелерде құрылыс нысандары мен кешендерін салудың тәртібі жөніндегі уақытша Ережені бекіту туралы)
1."Алматы облысының аумағында ауылшаруашылығы жұмысын жүргізу үшін шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға берілген учаскелерде құрылыс нысандары мен кешендер салудың тәртібі туралы уақытша Ереже" бекітілсін. (1 қосымша)
2. Облыс аумағында ауылшаруашылығы жұмыстарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының барлық жеке және заңды тұлғалары,шетелдердің жеке және заңды тұлғалары,шетелдердің қатысуындағы кәсіпорындар, сондай-ақ, азаматтығы жоқ тұлғалар мен оралмандар осы Ережені басшылыққа алсын.
3. Осы шешімніц орындалуын бақылау аудандар мен облыстық бағыныстағы қалалар әкімдеріне және облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына жүктелсін.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Енгізуші:
Келісілді:
Жіберілсін: Әкімдерге және аудандық, қалалық бас сәулетшілерге, сәулет және қала құрылысы басқармасына, жер ресурсті комитетке, ауылшаруашылығы департаментіне, салық комитетіне, жылжымайтын мүлік жөніндегі орталыққа
Жіберілді «__»_______2001 ж.