Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 22.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2019 131953_407463.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NG008464
- ЭКБ идентификаторы
- 131953
- Редакция идентификаторы
- 131953_407463
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:49
0 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Әулиекөл ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемi 16,8584 гектар және 2,9896 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.