Құжат мәтініне өту

О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью «Центр коммерциализации технологий»

Қаулы · № 354 · қабылданған 30.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131969/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью «Центр коммерциализации технологий» Қолданыста Қаулы ·№ 354 ·30.05.2019
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью «Центр коммерциализации технологий»

Қолданыста Қаулы ·№ 354 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью «Центр коммерциализации технологий»
Атауы (қаз.)
«Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
354
Қабылданған күні
30.05.2019
Көрсетілген редакция
19.08.2022 131969_592535.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000354
ЭКБ идентификаторы
131969
Редакция идентификаторы
131969_592535
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:42

0 «Технологияларды коммерцияландыру орталығы»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таратылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 354 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-152-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-33-11-жол алып тасталсын.

3

Қолданыстағы