Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Өзге акт · № 1 · қабылданған 24.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131982/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·24.05.2019
27.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
24.05.2019
Көрсетілген редакция
27.10.2021 131982_544210.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NF008483
ЭКБ идентификаторы
131982
Редакция идентификаторы
131982_544210
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:48

0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 2,4174 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы