Құжат мәтініне өту

Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки города Щучинска, поселка Бурабай и сельских населенных пунктов Бурабайского района

Өзге акт · № 6С-43/5 · қабылданған 24.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132021/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки города Щучинска, поселка Бурабай и сельских населенных пунктов Бурабайского района Қолданыста Өзге акт ·№ 6С-43/5 ·24.05.2019
10.11.2023 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки города Щучинска, поселка Бурабай и сельских населенных пунктов Бурабайского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 6С-43/5 · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки города Щучинска, поселка Бурабай и сельских населенных пунктов Бурабайского района
Атауы (қаз.)
Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6С-43/5
Қабылданған күні
24.05.2019
Көрсетілген редакция
10.11.2023 132021_667806.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19BS007214
ЭКБ идентификаторы
132021
Редакция идентификаторы
132021_667806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:48

0 Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2 2. Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдері осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі
Қ. Қарауылов

4 Щучинск қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 6С-43/5 шешіміне
1 қосымша
Щучинск қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ №
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтардың шекаралары
1
2
3
I
1,9
Аймақ қаланың орталығында орналасқан. Келесі көшелермен шектелген: оңтүстігінде Ломоносов көшесімен, батысында Пугачев көшесімен, шығысында Қылшақты өзенімен. Солтүстігінде XI аймақпен шектеседі. Аймақ қаланың орталығы болып табылады, оның тұрғын массиві абаттандырылған және жеке тұрғын үйлерден тұрады. Бұл аймақтың басым бөлігінде әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілері шоғырланған, дүкендер, дәріханалар, дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер, базар, мектеп, фотосалондар, мәдениет үйі, саябақ орналасқан, сондай-ақ мұнда әкімшілік ғимараттар: аудандық әкімдік, қалалық әкімдік, прокуратура, сот, әскери комиссариат, қазынашылық, мұрағат, халық банкінің филиалы орналасқан. Негізі және басты көшелері болып Әуезов көшесі мен Абылайхан көшесі табылады, осы көшелер мен оларға іргелес көшелер бойынша абаттандырылған үйлер орналасқан. Аймақ аумағының басым бөлігін жеке сектор алып отыр.
II
1,6
Аймақ Щучинск қаласының орталығына жақын орналасқан. Оңтүстігінде Одесская көшесімен, солтүстігінде Ломоносов көшесімен және шығысында өзенмен шектеледі. Аймақ аумағында мектеп, стадион, отбасылық дәрігерлік амбулатория орналасқан. Абылайхан көшесі бойында абаттандырылған үйлер орналасқан. Әуезов көшесінде техникалық қызмет көрсету станциясы, көлік жуу, шағын маркет, дәмхана орналасқан. Аймақ сондай-ақ басым бөлігінде жеке сектормен қамтылған. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жартылай өткізілген.
III
1,4
Аймақ оңтүстігінде Мәлік Ғабдуллин көшесімен, шығысында Пугачев және Думан көшелерімен, солтүстігінде Одесская көшесімен және ХIV аймақпен шектеледі, батыс жағынан ХIV аймақпен шектеседі. Аймақтың тұрғын массиві жеке сектордан тұрады.
IV
1,5
Аймақ V аймақтың солтүстік жағында орналасқан және сәйкесінше аймақтың оңтүстік шекарасы темір жолмен өтеді. Батыс жағы айналу трассасымен шектелген, солтүстігінен аймақ шекарасы Одесская көшесі және Мәлік Ғабдуллин көшесімен өтеді, шығысында V аймақпен шектеседі. Аймақтың тұрғын секторының басым бөлігі жеке үйлерден тұрады. Батыс жағының бір бөлігін өндірістік объектер алып жатыр.
V
1,3
Аймақ Щучинск қаласының оңтүстік шетінде орналасқан, жеке сектордан тұратын аумақ болып табылады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жоқ. Өндірістік объектілерден аумақта ет комбинаты, «Газтехнология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мұнай базасы, электрподстанция орналасқан. Солтүстік және шығысында темір жолмен шектеледі, оңтүстік және батысында шекарасы Щучинск қаласының шекарасына жетпейді және Нұр-Сұлтанға барар трасса бойындағы жанармай құю станциялары аумаққа енбейді.
VI
1,5
Аймақ қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығысында IX аймақпен және Көктау көшесімен, шығыс және оңтүстік-шығысында Степан Разин және Пугачев көшелерімен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Ломоносов көшесімен, батыс және солтүстік-батысында Тұмар және Трудовая көшелерімен және өндірістік базаларға барар темір жолмен шектеледі. Аймақ негізгі бөлігінде жеке құрылыстан тұрады, өндірістік объектілер мен рекреациялық мәндегі объектілер де орналасқан.
VII
1,4
Аймақ қаланың солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Батыс және оңтүстік-батысында Көкшетау-Нұр-Сұлтан трассасымен, Алтын күз көшесімен, солтүстік және солтүстік-шығысында темір жол бойындағы IX аймақпен, шығысында өндірістік базаларға барар темір жолмен, оңтүстігінде Амангелді көшесімен шектеледі. Аймақ өзінің негізгі бөлігінде жеке құрылыстан тұрады, сондай-ақ № 4 орта мектеп, дүкендер, өндірістік ғимараттар, жанармай құю станциялары, газ құю станциясы орналасқан.
VIII
1,5
Аймақ қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік, батыс және оңтүстік-батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, оңтүстік пен шығысында Көкшетау-Нұр-Сұлтан трассасымен және жағалаудағы IX аймақпен шектеледі. Аймақ басым бөлігінде рекреациялық және сауықтыру мақсатындағы объектілерден тұрады, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету объектілері, өртке қарсы бөлімі, жанармай құю станциялары, газ құю станциялары орналасқан.
IX
1,6
Аймақ қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, оңтүстігінде Ботаническая, Профессиональная және Канай би көшелерімен, батысында шаңғы базасы мен гольфклубының аумағымен шектеледі. Аймақ жеке құрылыстан тұрады, сондай-ақ мектеп, дүкендер, қонақ үйлер, өндірістік объектілері орналасқан.
X
1,3
Аймақ қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығысында XII аймақпен, шығысынан ХIII аймақпен және Бурабай кентіне айналып өту жолымен, оңтүстігінде V аймақпен, батысында I және II аймақтармен шектеледі. Аймақ дербес «Айнакөл» шағын ауданынан тұрады, құрылыстың басым бөлігі жеке. Инженерлік желілермен коммуникациялар жартылай өткізілген.
XI
2,0
Аймақ Щучье көлінің жағалау аумағын алып жатыр. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекараларында орналасқан, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында I, VI, VII, VIII, IX аймақтарымен шектеледі. Аймақ рекреациялық және сауықтыру мақсатындағы объектілерінен тұрады, оған еркін экономикалық аймақ, «Щучинский» шипажайы, гольфклуб, «Қазақ орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан.
XII
1,4
Аймақ Щучинск қаласының шығысында орналасқан. Шығысында Щучинск қаланың әкімшілік шекарасымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында X және ХIII аймақтарымен, батысында I аймақпен, солтүстік және солтүстік-батысында IX және XI аймақтарымен шектеледі. Аймақ аумағында орталық аудандық аурухана, шаңғы базасы, емхана, спорт мектебі, «Көкшетау орман селекциясы орталығы» Республикалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жерлері орналасқан.
ХIII
1,1
Аймақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасы мен ХV аймақпен, батысында, солтүстік және солтүстік-шығысында V, X және XII аймақтармен шектеледі. Аймақ саяжай кооперативтерінің объектілерінен тұрады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жоқ.
ХIV
1,4
Аймақ қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, солтүстік және солтүстік-шығысында VI және VII аймақтармен, шығыс және оңтүстік-шығысында Тұмар және Одесская көшелері бойындағы II және III аймақтармен, оңтүстігінде IV және ХV аймақтармен шектеледі. Аймақ өндірістік объектілерінен тұрады. Басым бөлігінде жергілікті инженерлік желілер мен коммуникациялар жүргізілген.
ХV
1,1
Аймақ қаланың оңтүстік және оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан. Солтүстігінде Нұр-Сұлтан-Көкшетау трассасы мен бас жоспармен жобаланған автожол бойындағы ХIV, V, ХIII аймақтармен, шығысында, оңтүстік және батысында Щучинск қаланың әкімшілік шекарасымен шектеледі. Аймақ өндірістік объектілер мен ауылшаруашылық кәсіпорындарынан тұрады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жергілікті.

5 Бурабай кентіндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 6С-43/5 шешіміне
2 қосымша
Бурабай кентіндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ №
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймаққа кіретін елді мекендердің атауы
1
2
3
І
2,0
01-177-014/015/038
Бурабай кенті
2,0
01-177-015
Оқжетпес ауылы (Бурабай кенті)
2,0
01-177-030
Сауықтыру және рекреациялық мақсатындағы жерлер
2,0
аймақ бойынша орташа мағына
ІІ
1,7
01-177-037
Сарыбұлақ ауылы (Бурабай кенті)
1,7
аймақ бойынша орташа мағына

6 Бурабай ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 6С-43/5 шешіміне
3 қосымша
Бурабай ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ №
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймаққа кіретін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша)
1
2
3
І
2,0
01-171-002
Кенесары ауылы
(Кенесары ауылдық округі)
1,8
01-171-010, 041
Қатаркөл ауылы
(Қатаркөл ауылдық округі)
1,8
01-171-011
Атамекен ауылы
(Атамекен ауылдық округі)
1,8
01-171-004, 042
Зеленый Бор ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)
1,6
01-171-012
Ұрымқай ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)
1,6
01-171-008
Златополье ауылы
(Златополье ауылдық округі)
1,76
аймақ бойынша орташа мағына
ІІ
1,5
01-171-001
Қызылағаш ауылы
(Абылайхан ауылдық округі)
1,5
01-171-011
Жасыл ауылы
(Атамекен ауылдық округі)
1,4
01-171-003
Ақылбай ауылы
(Абылайхан ауылдық округі)
1,4
01-171-003
Озерное ауылы
(Абылайхан ауылдық округі)
1,4
01-171-015
Успеноюрьевка ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)
1,4
01-171-007
Баянбай ауылы
(Кенесары ауылдық округі)
1,4
01-171-011
Қаражар ауылы
(Атамекен ауылдық округі)
1,3
01-171-015
Клинцы ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)
1,3
01-171-009
Қарашілік ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)
1,2
01-171-011
Жаңажол ауылы
(Атамекен ауылдық округі)
1,2
01-171-009
Аққайың ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)
1,2
01-171-011
Жарқайың ауылы
(Атамекен ауылдық округі)
1,2
01-171-010
Ключевое ауылы
(Қатаркөл ауылдық округі)
1,2
01-171-004
Молбаза ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)
1,2
01-171-008
Савинка ауылы
(Златополье ауылдық округі)
1,2
01-171-014
Веденовка ауылы
(Веденов ауылдық округі)
1,31
аймақ бойынша орташа мағына
ІІІ
1,1
01-171-008
Сотниковка ауылы
(Златополье ауылдық округі)
1,1
01-171-010
Вишневое ауылы
(Қатаркөл ауылдық округі)
1,1
01-171-010
Сосновка ауылы
(Қатаркөл ауылдық округі)
1,1
01-171-011
Шиелі ауылы
(Атамекен ауылдық округі)
1,1
01-171-005
Наурызбай батыр ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)
1,1
01-171-012
Дмитриевка ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)
1,1
01-171-009
Көрнекті ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)
1,0
01-171-004
Қымызынай ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)
1,0
01-171-006
Жаңаталап ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)
1,0
01-171-007
Брусиловка ауылы
(Кенесары ауылдық округі)
0,9
01-171-001
Қарабауыр ауылы
(Абылайхан ауылдық округі)
0,9
01-171-015
Үлгіалған ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)
0,9
01-171-013
Обалы ауылы
(Златополье ауылдық округі)
0,9
01-171-013
Лесной хутор ауылы
(Златополье ауылдық округі)
0,9
01-171-013
Түлкілі ауылы
(Златополье ауылдық округі)
0,9
01-171-006
Мәдениет ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)
0,9
01-171-012
Күлстан ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)
0,9
01-171-012
Ынталы ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)
0,9
01-171-012
Кіндікқарағай ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)
0,98
аймақ бойынша орташа мағына
IV
0,8
01-171-016
Райгородок ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)
0,8
01-171-016
Николаевка ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)
0,8
01-171-013
Новоандреевка ауылы
(Златополье ауылдық округі)
0,7
01-171-015
Қарағай ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)
0,6
01-171-014
Жаңатуған ауылы
(Веденов ауылдық округі)
0,6
01-171-016
Қарабұлақ ауылы
(Веденов ауылдық округі)
0,71
аймақ бойынша орташа мағына
V
0,5
01-171-014
Федосеевка ауылы
(Веденов ауылдық округі)
0,5
аймақ бойынша орташа мағына

7 Бурабай аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 6С-43/5 шешіміне
4 қосымша
Бурабай аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1

1) «Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2013 жылғы 21 қарашадағы № 5С-23/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3926 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсанда аудандық «Бурабай», «Луч» газеттерінде жарияланған);

2

2) «Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 5С-23/2 «Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4508 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

3 3) «Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 11 маусымдағы № 5С-43/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4867 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде аудандық «Бурабай», «Луч» газеттерінде жарияланған).

Қолданыстағы