Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 219 · қабылданған 30.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132034/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 219 ·30.05.2019
30.05.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 219 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
219
Қабылданған күні
30.05.2019
Көрсетілген редакция
30.05.2019 132034_408437.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018772
ЭКБ идентификаторы
132034
Редакция идентификаторы
132034_408437
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:42

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

10 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 219 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер
тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)

1 1. «Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы

8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7713 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасында:
1 және 2-қосымшалар Тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11804 болып тіркелген, 2015 жылғы
21 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібі»;
26, 27, 28 және 29-қосымшалар Тізбеге 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3 3. «Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/573 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 11839 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықты сақтау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Астықты қабылдау және өлшеу тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Астықты тазарту тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Астықты кептіру тәртібі»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Астықты сақтау тәртібі»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Астықты тиеп жөнелту тәртібі»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Астықтың сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру іс-шаралары»;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Астықты сақтаудың шекті жол берілетін мерзімдері:
1) бидай мен қара бидай үшін - 4 жыл;
2) сұлы, қарақұмық, арпа үшін - 3 жыл;
3) қауыздағы күріш, үрме бұршақ, асбұршақ, дәндік жүгері (собықта сақтау мерзімін қоса алғанда) үшін - 2 жыл;
4) тары, соя және собықтағы жүгері үшін - 1 жыл.
Астық қабылдау кәсіпорнының сақтаудың шекті жол берілетін мерзімінен асырып астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз ету мүмкіндігі болған кезде, астық қабылдау кәсіпорны астық иесіне тиісті хабарлама бере отырып, астық сақтау қызметтерін бір және одан көп жылға көрсетуді жалғастырады.
Астық қабылдау кәсіпорнының сақтаудың шекті жол берілетін мерзімінен асырып астықты одан әрі сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған кезде астық қабылдау кәсіпорны астық иесін астықты сақтаудың шекті жол берілетін мерзімі басталғанға дейін жарты жыл бұрын астықты әкету немесе өткізу қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Бұл ретте астық қабылдау кәсіпорнының техникалық не басқа себептер бойынша көрсетілген кезеңде астықты жөнелту (тиеу) мүмкіндігі болмаған жағдайда, астықты әкету немесе өткізу мерзімі астықты жөнелтуді тоқтату мерзіміне ұзартылады, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорны астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етеді.».

4

4. «Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын, астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-1/620 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12092 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Астық қабылдау кәсіпорны тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 06-1/545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 7259 болып тіркелген) бекітілген астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің типтік нысандарына сәйкес сатып алынған, берілген, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттарының бланкілері туралы ақпарат береді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Астық қолхаттарының бүлінген, таза бланкілері және өтелген астық қолхаттары осы Қағидаларда белгіленген сақтау мерзімдері өткен соң жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі маманының қатысуымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның маманы) астық қабылдау кәсіпорнының өкілі қол қоятын және жергілікті атқарушы органның маманы бекітетін тиісті актіні жасай отырып жойылады.».

1 20____жылғы «___» ______ жағдай бойынша астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне
1-қосымша
Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасына
1-қосымша
20____жылғы «___» ______ жағдай бойынша астықты
ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат
Астық тасымалдау туралы мәліметтер (деректер құрамы) жағдай туындаған кезде хабарлама-сұраным түрінде мынадай көлемде беріледі:

1 1) identifier (ID) (жүк жөнелтудің бiрегей нөмiрі) жазба;

2 2) тиелген күні;

3 3) жүк жөнелтушiнiң коды (12 мәнді код);

4 4) жүк жөнелтушiнiң бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

5 5) жүк жөнелтушiнiң атауы;

6 6) жүк алушының коды (республика ішіндегі қатынаста 12 мәнді код, халықаралық қатынаста 4 мәнді код);

7 7) жүк алушының бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бар болса);

8 8) жүк алушының атауы;

9 9) жөнелту станциясының коды (бірыңғай желілік белгі коды);

10 10) межелі станцияның коды (бірыңғай желілік белгі коды);

11 11) мемлекетаралық түйiсу пунктінің коды;

12 12) межелі елдің коды;

13 13) вагон нөмірі;

14 14) жүкқұжат нөмірі (жөнелту нөмірі);

15 15) жүк коды (жүктердің бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасы);

16 16) жүк коды (жүктердің үндестірілген номенклатурасы);

17 17) жүк салмағы;

18 18) вагон типі;

19 19) төлеушінің коды;

20 20) төлеушінің атауы.

Астық тасымалдау туралы мәліметтер бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл сипаттамасы ақпараттық жүйелердің иелері бекіткен Тиісті ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі техникалық талаптарда келтірілген.

2 20 __ жылғы «__» _________ астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне
2-қосымша
Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасына
2-қосымша
Нысан
20 __ жылғы «__» _________ астықтың орташа нарықтық бағалары
туралы ақпарат
Индексі: № 3-АОНБ.
Есепті кезең: апталық.
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі
саласындағы мамандандырылған ұйым.
Қайда ұсынылады: астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне.
Ұсыну мерзімі: жұма сайын.
Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Об­лы­стар
Ақ­мо­ла
Ақ­тө­бе
Ал­ма­ты
Аты­рау
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Жам­был
Қа­ра­ған­ды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
3-сы­нып­ты би­дай
тең­ге/тон­на
2-сы­нып­ты ар­па
тең­ге/тон­на
кестенің жалғасы
Об­лы­стар
Қо­ста­най
Қы­зы­лор­да
Маң­ғы­стау
Түр­кі­стан
Пав­ло­дар
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы
Шым­кент қа­ла­сы
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
Басшы __________ _____________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Орындаушы ________ __________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Телефоны _________ 20 __ жылғы «__» _________
Ескертпе: Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанына
қосымша
Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

1 1. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы толтырылған ақпарат астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынылады, ұсыну мерзімі апта сайын, айдың әр жұмасы.

2 2. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанында:

1 1) нысанның 1-бағанында астықтың атауы және сыныптылығы көрсетіледі;

2 2) нысанның 2-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі;

3 3) 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарда облыстағы астықтың бір тонна бағасы теңгемен көрсетіледі.

3 Дөңгелек сүрлемдер үшін өлшеу актісі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне
3-қосымша
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына
26-қосымша
Нысан
__________________________________
(астық қабылдау кәсіпорнының атауы)
жасалған күні
20__ жылғы «___» ________________
Дөңгелек сүрлемдер үшін өлшеу
актісі

Сүр­лем №
Сүрлем­нің пас­порт­тық би­ік­ті­гі
Қуы­сты өл­шеу де­ректе­рі
Сүрлем­нің тол­ты­ры­л­ған бө­лі­гі (үй­ін­ді)
Жо­ғар­ғы ко­ну­стық бө­лік­тің би­ік­ті­гі
Түп­тің ко­ну­стық бө­лі­гі­нің би­ік­ті­гі
Астық­тың ор­таң­ғы бө­лі­гі­нің би­ік­ті­гі
Сүр­лем­де­гі астық­тың кө­ле­мі
Астық­тың кө­лем­ді мас­са­сы, у
Сүр­лем­де­гі астық мөл­ше­рі
Нс
Нөл­шеу
Нүй­ін­ді= Нс -Нөл­шеу
Н1 = R tgα, tgα = 0,49
эле­ва­тор­дың пас­порт­тық де­ректе­ріне сәй­кес, Н3
Н2=Нүй­ін­ді - Н1 - Н3
Ес= πR2 (1/3 Н1+Н2+1/3 Н3)
Астық на­ту­ра­сы, бай­қа­у­лар жур­на­лы бой­ын­ша кө­лем­ді мас­са­ға ауы­сты­ры­л­ған грамм/литр, тон­на/тек­ше метр
Ес = у Ес
(метр)
(метр)
(метр)
(метр)
(метр)
(метр)
(тек­ше метр)
(тон­на/тек­ше метр)
(тон­на)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

4 Сүрлемдегі астықтың орналасу схемалары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне
4-қосымша
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына
27-қосымша
Сүрлемдегі астықтың орналасу схемалары

5 Сүрлем-жұлдызша үшін өлшеу актісі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне
5-қосымша
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына
28-қосымша
Нысан
__________________________________
(астық қабылдау кәсіпорнының атауы)
жасалған күні
20__ жылғы «___» ________________
Сүрлем-жұлдызша үшін өлшеу
актісі

Сүр­лем №
Сүрлем­нің пас­порт­тық би­ік­ті­гі
Қуы­сты өл­шеу де­ректе­рі
Астық үй­ін­ді­сі­нің би­ік­ті­гі
Жо­ғар­ғы ко­ну­стық бө­лік­тің би­ік­ті­гі
Түп­тің ко­ну­стық бө­лі­гі­нің би­ік­ті­гі
Астық­тың ор­таң­ғы бө­лі­гі­нің би­ік­ті­гі
Сүр­лем­де­гі астық­тың кө­ле­мі
Астық­тың кө­лем­ді мас­са­сы, у
Сүр­лем­де­гі астық мөл­ше­рі
Нс
Нөл­шеу
Нүй­ін­ді=Нс-Нөл­шеу
Н1=Rэtgα, tgα= 0,49
эле­ва­тор­дың пас­порт­тық де­ректе­ріне сәй­кес, Н3
Н2=Нүй­ін­ді -Н1 - Н3
Еж =πRэ2 (1/3 Н1+Н2+1/3 Н3)
Астық на­ту­ра­сы, бай­қа­у­лар жур­на­лы бой­ын­ша кө­лем­ді мас­са­ға ауы­сты­ры­л­ған грамм/литр, тон­на/тек­ше метр
Еж = уЕж
(метр)
(метр)
(метр)
(метр)
(метр)
(метр)
(тек­ше метр)
(тон­на/тек­ше метр)
(тон­на)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

6 Шаршы сүрлем үшін өлшеу актісі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне
6-қосымша
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына
29-қосымша
Нысан
__________________________________
(астық қабылдау кәсіпорнының атауы)
жасалған күні
20__ жылғы «___» ________________
Шаршы сүрлем үшін өлшеу
актісі

Сүр­лем №
Сүрлем­нің пас­порт­тық би­ік­ті­гі
Қуы­сты өл­шеу де­ректе­рі
Астық үй­ін­ді­сі­нің би­ік­ті­гі
Жо­ғар­ғы ко­ну­стық бө­лік­тің би­ік­ті­гі
Түп­тің ко­ну­стық бө­лі­гі­нің би­ік­ті­гі
Астық­тың ор­таң­ғы бө­лі­гі­нің би­ік­ті­гі
Сүр­лем­де­гі астық­тың кө­ле­мі
Астық­тың кө­лем­ді мас­са­сы, у
Сүр­лем­де­гі астық мөл­ше­рі
Нс
Нөл­шеу
Нүй­ін­ді=Нс-Нөл­шеу
Н1=Rэtgα, tgα=0,49
эле­ва­тор­дың пас­порт­тық де­ректе­ріне сәй­кес, Н3
Н2= Нүй­ін­ді - Н1 - Н3
Ес=а2 (1/3 Н1+Н2+1/3 Н3)
Астық на­ту­ра­сы, бай­қа­у­лар жур­на­лы бой­ын­ша кө­лем­ді мас­са­ға ауы­сты­ры­л­ған грамм/литр, тон­на/тек­ше метр
Ес=уЕс
(метр)
(метр)
(метр)
(метр)
(метр)
(метр)
(тек­ше метр)
(тон­на/тек­ше метр)
(тон­на)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

Қолданыстағы