Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Мартукскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Мартукскому району
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- upd
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 30.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2021 132073_515665.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CH006223
- ЭКБ идентификаторы
- 132073
- Редакция идентификаторы
- 132073_515665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:43
0 Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2
2. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 402 «Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5120 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 қарашада жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулыны Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И. Еспағанбетовке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Ақтөбе облысының жолаушылар
көлiгi және автомобиль жолдары
басқармасы» ММ басшысының
міндетін атқарушы
__________ Н. Аспенов
«___» _______ 20__ жыл
9 Мәртөк ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 206 қаулысына қосымша
Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с
Автожолдың индексі
Автожолдың атауы
Жалпыұзындығы, шақырым
1
KD-МА-1
«Мәртөк-Дмитриевка-Байторысай-Полтавка» 0-44,275 км
44,275
2
KD- МА -2
«Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Вознесеновка-Жаңажол» 0-33 км
33
3
KD- МА -3
«Байторысай-Шевченко-Қызылжар-Бөрте» 0-43,825 км
43,825
4
KD- МА -4
«Достық ауылына кіре беріс»
0-12 км
12
5
KD- МА -5
«Мәртөк-Қаратаусай-Аққайың» 0-44 км
44
6
KD- МА -6
«Жайсаң-Көкпекті» 0-7 км
7
7
KD- МА -7
«Құрмансай-Шанды-Егізата» 0-39 км
39
8
KD- МА -8
«Құрмансай ауылына кіре беріс» 0-28,315 км
28,315
9
KD- МА -9
«Покровкаауылынакіреберіс» 0-9,1 км
9,1
10
KD- МА -10
«Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Қаратоғай ауылына кіре беріс» 0-6 км
6
11
KD- МА -11
«Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Мәртөк ауылына кіре беріс» 0-6 км
6
12
KD- МА -12
«Жайсаң ауылына кіре беріс» 0-3,21 км
3,21
13
KD- МА -13
«Сарыжар ауылына кіре беріс» 0-4,56 км
4,56
Барлығы
280,285