Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Мартукскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Мартукскому району
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- upd
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 30.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2021 132073_515665.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CH006223
- ЭКБ идентификаторы
- 132073
- Редакция идентификаторы
- 132073_515665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:43
0 Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 402 «Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5120 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 қарашада жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И. Еспағанбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Ақтөбе облысының жолаушылар
көлiгi және автомобиль жолдары
басқармасы» ММ басшысының
міндетін атқарушы
__________ Н. Аспенов
«___» _______ 20__ жыл
9 Мәртөк ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 206 қаулысына қосымша
Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с
Автожолдың индексі
Автожолдың атауы
Жалпыұзындығы, шақырым
1
KD-МА-1
«Мәртөк-Дмитриевка-Байторысай-Полтавка» 0-44,275 км
44,275
2
KD- МА -2
«Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Вознесеновка-Жаңажол» 0-33 км
33
3
KD- МА -3
«Байторысай-Шевченко-Қызылжар-Бөрте» 0-43,825 км
43,825
4
KD- МА -4
«Достық ауылына кіре беріс»
0-12 км
12
5
KD- МА -5
«Мәртөк-Қаратаусай-Аққайың» 0-44 км
44
6
KD- МА -6
«Жайсаң-Көкпекті» 0-7 км
7
7
KD- МА -7
«Құрмансай-Шанды-Егізата» 0-39 км
39
8
KD- МА -8
«Құрмансай ауылына кіре беріс» 0-28,315 км
28,315
9
KD- МА -9
«Покровкаауылынакіреберіс» 0-9,1 км
9,1
10
KD- МА -10
«Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Қаратоғай ауылына кіре беріс» 0-6 км
6
11
KD- МА -11
«Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Мәртөк ауылына кіре беріс» 0-6 км
6
12
KD- МА -12
«Жайсаң ауылына кіре беріс» 0-3,21 км
3,21
13
KD- МА -13
«Сарыжар ауылына кіре беріс» 0-4,56 км
4,56
Барлығы
280,285