О составах советов директоров некоторых акционерных обществ - национальных компаний и о внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О составах советов директоров некоторых акционерных обществ - национальных компаний и о внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1051
- Қабылданған күні
- 24.09.2002
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2009 AI13214_52.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001051_
- ЭКБ идентификаторы
- 13214
- Редакция идентификаторы
- AI13214_52
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:49
0 Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1
1. Акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2005.03.19. N 250 қаулысымен.
2 2. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.12.06. N 1179 қаулысымен).
3 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсін.
4 Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 25 қыркүйектегі
N 1051 қаулысына
1-қосымша
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары
1 1. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.12.06. N 1179 қаулысымен).
2 2. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.12.06. N 1179 қаулысымен).
3 3. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.12.06. N 1179 қаулысымен).
4 4. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" АҚ:
Айтжанов Дулат Нулиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға
Ермекова Несiпбала Әбсағитқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры
Боос Владимир Викторович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
Әзiмов Руслан Жұмабайұлы - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" АҚ-тың президентi.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.07.26. N 791 , 2005.11.10. N 1118 , 2006.05.26. N 459 қаулыларымен.
5 5. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 1048 қаулысымен).
6 6. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.12.06. N 1179 қаулысымен).
7 7. <*>
📌 Ескерту. 7-тармақ алып тасталды - ҚР Yкiметiнiң 2005.03.05. N 215 қаулысымен.
8 8. Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" АҚ:
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрi, төраға
Қапақов Нұрлан Төлегенұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесiнiң Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмi Мәдениет секторының меңгерушісі
Омаров Жанай Сейiтжанүлы - "Қазақ ақпарат агенттігi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президентi
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетi төрағасының орынбасары
Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры
📌 Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Yкiметiнiң 2003.01.24. N 90 , өзгерту енгізілді - 2004.02.19. N 193 , 2004.07.26. N 791 , 2005.01.28. N 73 , 2005.11.10. N 1118 , 2006.05.30. N 472 қаулыларымен.
9 9. <*>
📌 Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Yкiметiнiң 2005.03.19. N 250 қаулысымен.
10 10. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 1048 қаулысымен).
11 11. "Астана халықаралық әуежайы" АҚ:
Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi, төраға;
Алпамысов Абай Әбдiсәметұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Мемлекеттiк активтердi басқару саясаты департаментiнің директоры;
Тәшенев Бақытбек Хәкiмұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Шәрiпов Талғат Қайыркенұлы - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қаржылық реттеу департаментiнiң директоры;
Қыпшақбаев Әбдел Исаұлы - "Астана халықаралық әуежайы" акционерлiк қоғамының президенті.
📌 Ескерту. 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Yкiметiнiң 2003.06.05. N 533 , өзгерту енгізілді - 2003.08.04. N 782 , 2004.02.19. N 193 , 2004.07.26. N 791 , 2005.11.10. N 1118 , 2006.04.20. N 302 қаулыларымен.
12 12. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ:
Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, төраға;
Тәшенев Бақытбек Хәкiмұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Ермекова Несiпбала Әбсағитқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры;
Жантаев Жұмабек Шәбденамұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
Батырғажин Азамат Байқуанышұлы - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті;
Оразаева Сәуле Бақтиярқызы - "Қазгеоғарыш" акционерлiк қоғамының президентi.
📌 Ескерту. 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Yкiметiнiң 2005.05.25. N 507 , өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.21. N 133 , 2007.05.29. N 438 , 2008.04.28 N 395 Қаулыларымен.
13 "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар
13. "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ:
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, төраға;
Дәнебеков Оңғарбай Жидебайұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік процестер мен фукционалдық талдау әдіснамасы департаменті директорының орынбасары;
Хисамутдинов Ильдар Ибрагимұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметі директорының орынбасары;
Тәшенов Бақытбек Хәкімұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары;
Айтмағамбетов Алтай Зафарұлы - Алматы энергетикалық институты радиотехника кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық байланыс академиясының академигі;
Арынғазин Асқар Қанапияұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры;
Досаев Асан Ералханұлы - "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
📌 Ескерту. 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Yкiметiнiң 2006.11.30. N 1158 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 25 қыркүйектегi
N 1051 қаулысына
2-қосымша
"Қазақтелеком" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Yкiметiнiң 2005.03.19. N 250 қаулысымен.
1 1. <*>
📌 Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05. N 328 қаулысымен.
2 2. "Қазақтелеком" АҚ:
Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
Өтепов Эдуард Карлович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары
Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігiнiң төрағасы
Табанов Эльдар Рашитович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi
Кәрiбжанов Қайрат Сәлiмұлы - "Қазақтелеком" АҚ-ның президентi
"Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы директорлар кеңесiнiң төрағасы етіп сайлау үшiн Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнің төрағасы Әбен Ағыбайұлы Бектасовтың кандидатурасы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының директорлар кеңесiне ұсынылсын.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2003.08.04. N 782 , 2004.07.26. N 791 , 2005.03.19. N 250 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 25 қыркүйектегі
N 1051 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1
1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
3 3-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
14 "14. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
2 2. "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 591 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 210-құжат):
2 2-тармақ және 3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
3 3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 ақпандағы N 811 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 ақпандағы N 248 қаулысында :
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
4 4. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 76-құжат):
4-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.