Құжат мәтініне өту

О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда по Мангистауской области

Өзге акт · № 27/327 · қабылданған 30.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132193/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда по Мангистауской области Қолданыста Өзге акт ·№ 27/327 ·30.05.2019
24.08.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда по Мангистауской области

Қолданыста Өзге акт ·№ 27/327 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда по Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27/327
Қабылданған күні
30.05.2019
Көрсетілген редакция
24.08.2022 132193_589959.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19M0003923
ЭКБ идентификаторы
132193
Редакция идентификаторы
132193_589959
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:42

0 Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)» 587-бабының 1-тармағына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қорынын учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері белгіленсін.

2 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері белгіленсін.

3 3. Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Маңғыстау облыстық мәслихатының

2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 27/327 шешіміне
1-қосымша
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

Жанама орман пайдалану түрлері
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері (теңге)
Шабындық жерлер, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:
1.
жақсы
гектар
327,18
2.
қанағаттанарлық
гектар
245,38
3.
қанағаттанғысыз
гектар
190,85
Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю топтары бойынша:
1.
түйе
бас
190,85
2.
ірі қара мүйізді, жылқы
бас
152,68
3.
ірі қара төлі, есек
бас
76,34
4.
ешкі
бас
133,59
5.
қой
бас
38,17

7 Маңғыстау облыстық мәслихатының

2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 27/327 шешіміне
2-қосымша
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері
Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)
1.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және тарихи-мәдени, спорттық мақсаттарында пайдалану
гектар
552,01 (теңге)
2.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттарында пайдалану
гектар
136,32 (теңге)
3.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану
гектар
Қазақстан Республикасының
2017 жылғы
25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің
(Салық кодексі)»
508-бабының
2-тармағына сәйкес
Қысқа мерзімді орман пайдалану  (1 жылдан 10 жылға дейін)
4.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени, сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарында пайдалану
әрбір күн үшін
0,1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

Қолданыстағы