Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 380 · қабылданған 06.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132210/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 380 ·06.06.2019
09.02.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 380 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
380
Қабылданған күні
06.06.2019
Көрсетілген редакция
09.02.2021 132210_512596.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000380
ЭКБ идентификаторы
132210
Редакция идентификаторы
132210_512596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:37

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1

2 2. «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 681-құжат):

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;»;
қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.

3 3. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

2018 ж., № 60, 325-құжат.):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
«1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
3) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.».

4

5

2 Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1288 қаулысына
қосымша
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар
Келісетін мемлекеттік орган
Лицензияланатын қызмет түрі
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі
Лицензиар
1
2
3
4
5
1
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет
1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
4. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
5. Құрамында психотроптық заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
2
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет
1. Есірткі заттарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
4. Құрамында есірткі заттар бар 3өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
5. Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
3
Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет
сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган

Қолданыстағы