Құжат мәтініне өту

Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных и сбросных сооружений

Бұйрық · № 221 · қабылданған 31.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132234/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных и сбросных сооружений Қолданыста Бұйрық ·№ 221 ·31.05.2019
18.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных и сбросных сооружений

Қолданыста Бұйрық ·№ 221 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных и сбросных сооружений
Атауы (қаз.)
Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
221
Қабылданған күні
31.05.2019
Көрсетілген редакция
18.09.2025 132234_778952.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018783
ЭКБ идентификаторы
132234
Редакция идентификаторы
132234_778952
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:41

0 Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар бекітілсін.

2

2. «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 18-05/22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10292 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 221 бұйрығымен
бекітілген
Су тарту және ағызу құрылыстарының
балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды.

2 2. Осы Талаптарда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) ағызу құрылысы – су қоймасынан оның толып кетуін болдырмау үшін су ағызуға (өткізуге), сондай-ақ төменгі бьефке суды пайдалы мөлшерде өткізуге арналған су өткізу құрылысы;

2 2) балықтарды қорғау құрылғысы (бұдан әрі – БҚҚ) – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су тарту және ағызу құрылыстарына түсуін болғызбауға арналған құрылғы;

3 3) су тарту құрылысы – су объектілерінен су тартуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені.

3 3. Мыналарға жол берілмейді:

1 1) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 91-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес су тарту құрылысжайларын балық қорғау және (немесе) балық өткізу құрылғыларынсыз пайдалануға енгізу;

2 2) БҚҚ-сыз, сондай-ақ Заңның 14-бабы 3-тармағының 13) тармақшасына сәйкес осы Талаптарға сәйкес келмейтін су тарту және ағызу құрылыстарын пайдалану.

2 2-тарау. БҚҚ-ға қойылатын талаптар

4 4. Су тарту және ағызу құрылыстарының БҚҚ-сын пайдалану кезінде БҚҚ-ның тиімділік коэффициенті осы Талаптарға 1-қосымшада келтірілген БҚҚ-ның тиімділігі есептемесіне сәйкес анықталады.

5 5. БҚҚ су тарту мен ағызудың есептемелік шығысына байланысты осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес орнатылады.

6 6. Су тарту құрылыстарының БҚҚ-сын пайдалану кезінде БҚҚ-ның торлы балық бөгеу қалқандары ұяларының диаметрлері балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өлшемдеріне байланысты осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

7 7. Ағызу құрылыстарының БҚҚ-сын пайдалану кезінде мынадай талаптар белгіленеді:

1 1) БҚҚ-ға судың келу жылдамдығы балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шабақтары үшін оларды ағызып кету жылдамдығынан аспауы тиіс;

2 2) БҚҚ судың өтуіне кедергі келтірмеуі, бұл ретте тырбиған ағаштар мен мұз қыртыстарының әсерінен қорғалуы тиіс.

8 8. БҚҚ-ны жобалау ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарының негізінде жүргізіліп, оларда:

1 1) қорғалатын балық ресурстары мен басқа да су жануарларының ең аз мөлшері көрсетілген түрлік және өлшемдік құрамы;

2 2) олардың шоғырлану және өріс аудару кезеңі;

3 3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының тігінен және көлденеңінен бөлінуі және шоғырлану орындары;

4 4) уылдырық шашу орындары, қыстау шұңқырлары, азықтану учаскелері орналасқан жерлер және балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шабақтары белсенді түрде көлбеу өріс аудару аудандары;

5 5) қорғалатын балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шабақтары үшін ағыстың ағызып әкету жылдамдығы анықталады.

9 9. Қозғалмайтын аулар мен торларды қолдану кезінде мынадай талаптар белгіленеді:

1 1) ұяшықтардың өлшемдері, ағыстың жылдамдығы, ластануы және тазалау мүмкіндігі, кеме қатынасының жағдайлары ескеріледі;

2 2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қажетсіз жерлерге келу жолын бөгеу және оларды балық өткізу құрылыстарының кіріс саңылауларына бағыттау үшін гидротораптардың қос бьефінде де орналастырылады;

3 3) ау мырышталған сымтемірден немесе капроннан жасалады, қалтқыларға немесе қада тіреулерге іліп қойылады;

4 4) тор металл шыбықтардан жасалады, өзектер арасындағы саңылаулар тордың мақсатына және балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өлшемдеріне байланысты қабылданады.

10 10. Электр бөгегіштер қолдану кезінде мынадай талаптар белгіленеді:

1 1) бөгегіштің жармасында электродтардың ұзындығы электродтардың су айдынының түбі мен бетіне 0,1–0,3 метр жетпейтіндей, судың тереңдігіне байланысты орнатылады;

2 2) электр өрісі кернеулігінің тиімді шамасы және электродтар арасындағы қашықтық балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өлшемдеріне сәйкес орнатылады;

3 3) электродтар жүйесі емін-еркін ілініп тұруы тиіс (сым арқанға ілінеді, қалтқыларға орнатылады немесе қадаларға бекітіледі), неғұрлым орнықты тік күйінде тұруын қамтамасыз ету үшін құбырлардың төменгі бөлігіне бетон құйылады;

4 4) импульс пен үзіліс ұзақтығы 0,02–0,35 секунд шегінде болатын импульстік ауыспалы тоқ қамтамасыз етіледі.

11

12 12. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 273-бабының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес теңізден су тартуға БҚҚ жұмысының тиімділігін үздіксіз бақылауға арналған техникалық құрылғыларды орната отырып, су тарту құрылысжайларын БҚҚ-мен жарақтандырған кезде ғана жол беріледі.

1 Балық қорғау құрылғыларының тиімділігі есептемесі

Су тарту және ағызу
құрылыстарының балықтардыъ
қорғау құрылғыларына
қойылатын талаптарға
1-қосымша
Балық қорғау құрылғыларының тиімділігі есептемесі

1

1. Балық қорғау тиімділігінің көрсеткіші (Кэф) балық қорғау құрылғысы (бұдан әрі – БҚҚ) ұстаған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары санының мұндай құрылғы болмаған жағдайдағы су тарту және ағызу (өткізу) құрлыстарына түсетін балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санына қатынасы болып табылады, ол пайызбен көрсетіледі:
Кэф = (N2T – N1T) / ( N2T) x 100,
мұндағы:
N1Т – БҚҚ болған жағдайда, Т есептік кезеңде су тартуға және ағызуға (өткізуге) түскен балық ресурстары мен басқа да су жануарларының саны;
N2T – БҚҚ болмаған жағдайда, сол Т есептік кезеңде су тартуға және ағызуға (өткізуге) түскен балық ресурстары мен басқа да су жануарларының саны;

2 2. Балық қорғау тиімділігінің көрсеткіші экспертменттік жолмен – БҚҚ болған және болмаған жағдайдағы кезек-кезекпен су тартуға және ағызуға (өткізуге) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының түсуін қадағалаумен анықталады.

БҚҚ-ны демонтаждау мүмкін болмаған жағдайда, Кэф БҚҚ алдында және одан кейін балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шоғырлану айырмасы бойынша мынадай формуламен анықталады:
Кэф = (С2 – C1) / C2 x 100,
мұндағы:
С1 – БҚҚ-дан кейін балық ресурстары мен басқа да су жануарлары шабақтарының шоғырлануы;
С2 – БҚҚ алдында балық ресурстары мен басқа да су жануарлары шабақтарының шоғырлануы.

3 3. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының БҚҚ тиімділігі өлшемі 12 миллиметрден асатын шабақтар үшін:

су тарту құрылыстары үшін кемінде 70 %-ды;
ағызу құрылыстары үшін кемінде 60 %-ды құрайды.

4 4. БҚҚ-мен байланысқа түскен кезде (жазық аулар, ағыны шапшаң барабандар) және балықты бұру кезінде (егер БҚҚ-да балық бұрғыш болса) шабақ өлетін болса, онда балық қорғау тиімділігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

Кэф = (N2T – (N1T + N3T)) / N2T x 100,
мұндағы:
N1T – БҚҚ болған жағдайда, Т есептік кезеңде су тартуға және ағызуға түскен балық ресурстары мен басқа да су жануарларының саны;
N2T – БҚҚ болмаған жағдайда, сол Т есептік кезеңде су тартуға және ағызуға түскен балық ресурстары мен басқа да су жануарларының саны;
N3T – БҚҚ-мен байланысқа түскеннен кейін Т есептік кезеңде өлген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының саны.
N3 шамасы БҚҚ-да қалып қойған (n 1), БҚҚ-мен байланысқа түскеннен кейін өлген (n 2) және балық бұру жолынан өткен кезде өлген (n 3) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары санының жиынтығымен анықталады: N3 = n1 + n2 + n3.
БҚҚ-мен байланысқа түскеннен кейін өлген шабақ санын (N3) анықтау жөніндегі жұмыстар былайша жүргізіледі:
n1 – БҚҚ-дағы балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын есептеу жолымен анықталады;
n2 – су тарту және ағызу құрылысы жұмыс істеп тұрған кезде БҚҚ-ның төменгі жағынан ауланған, өмір сүруге қалдырылғаннан кейін өлген балық ресурстары мен басқа да су жануарлары шабақтарының саны;
n3 – балық бұрудан өткен, өмір сүруге қалдырылғаннан кейін өлген балық ресурстары мен басқа да су жануарлары шабақтарының саны.

2 Су тарту мен ағызудың есептік шығысына байланысты балық қорғау құрылғыларын орнату

Су тарту және ағызу
құрылыстарының
балық қорғау құрылғыларына
қойылатын талаптарға
2-қосымша
Су тарту мен ағызудың есептік шығысына байланысты балық қорғау құрылғыларын орнату
Ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры
Су тар­ту мен ағы­зу­дың есеп­тік шы­ғы­сы, тек­ше метр/се­кунд
то­бы (ба­лық­тар­ды және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын қор­ғау тә­сі­лі бой­ын­ша)
ти­пі
0,5-тен аз
0,5-тен ба­стап
5,0-ке
дей­ін
5,0-тен ба­стап
10,0-ға
дей­ін
10,0-нан
көп
Бө­ге­гіш
Тран­зит­тік ағын­да ор­на­ты­л­ған тор­лы ағы­ны шап­шаң ба­ра­бан
+
-
-
-
Тран­зит­тік ағын­да ор­на­ты­л­ған ағын ту­дыр­ғы­шы бар ба­улық
+
-
-
-
Ба­лық бұ­ра­ты­ны (ко­ну­сты) бар бір жо­лақ­ты ба­лық бө­ге­гіш
-
+
+
+
Ба­лық бұ­ра­ты­ны бар екі жо­лақ­ты ба­лық бө­ге­гіш
+
+
-
-
25 метр­ге дей­ін­гі ұзын­дық­та­ғы сек­ци­я­ла­ры бар жо­лақ­ты V және W- тә­р­із­дес тік тор­лы, пер­фо­ра­ци­я­лан­ған неме­се сүзе­тін қал­қан­дар
+
+
+
+
Қор­ша­ғыш
Су тар­ту мен ағы­зу­дың қол ша­тыр тә­р­із­дес ба­улы­ғы
+
+
-
-
Шо­ғыр­лан­дыр­ғыш
Ба­лық ре­сур­ста­ры мен бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын тігі­нен ай­ы­ра­ты­ны бар ба­лық қор­ғау шо­ғыр­лан­дыр­ғы­шы; блок­пен қол­да­ны­ла­тын 5, 10 және 25 тек­ше метр/се­кунд блок-сек­ци­я­лар
-
+
+
+
Ес­керт­пе: ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның бас­қа тип­те­рін жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­мен ке­лі­сім бой­ын­ша осы та­лап­тар­ға ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның ти­ім­ді­лі­гі есеп­те­ме­сіне сәй­кес қол­да­ну­ға жол бе­рі­ле­ді.

3 Балықтардың және басқа да су жануарларының өлшемдеріне байланысты торлы балық бөгеу қалқандары ұяларының диаметрлері

Су тарту және ағызу
құрылыстарының
балық қорғау құрылғыларына
қойылатын талаптарға
3-қосымша
Балықтардың және басқа да су жануарларының өлшемдеріне байланысты торлы балық бөгеу қалқандары ұяларының диаметрлері
Ба­лық ре­сур­ста­ры мен бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның дене ұзынды­ғы, мил­ли­метр
12
15
20
30
40
50
60
70
Са­ңы­лау диа­мет­рі, мил­ли­метр
1,5
2
3
4
6
7
8
9
Ес­керт­пе: қал­қан­да­ғы са­ңы­ла­у­лар төрт бұ­ры­шты болған жағ­дай­да, көр­се­ті­л­ген өл­шем­дер ұя­шық­тың диа­го­на­лы­на сәй­кес ке­ле­ді.

Қолданыстағы