Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения потерь и убытков лесохозяйственного производства

Бұйрық · № 203 · қабылданған 20.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132287/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения потерь и убытков лесохозяйственного производства Қолданыста Бұйрық ·№ 203 ·20.05.2019
20.05.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения потерь и убытков лесохозяйственного производства

Қолданыста Бұйрық ·№ 203 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения потерь и убытков лесохозяйственного производства
Атауы (қаз.)
Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
203
Қабылданған күні
20.05.2019
Көрсетілген редакция
20.05.2019 132287_410625.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018723
ЭКБ идентификаторы
132287
Редакция идентификаторы
132287_410625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:52

0 Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидаларын бекіту туралы

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің
51-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы « » №
бұйрығымен бекітілген
Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі)

51-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленеді және орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыру тәртібін айқындайды.

2 2. Орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасылар мен шығындардың орнын толтыруды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі жасаған есептемелерге сәйкес жер учаскелері ауыстырылатын жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) орман дақылдары – орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсірілген екпелер;

2 2) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – орман мекемесі) – мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;

3 3) орманның типi –орман өсіру жағдайларының бiртектiлігі, шығу тегінiң ұқсастығы, құрамы, топырақ жамылғысы және орман өсіру іс-шараларының ортақтығы біріктірген, сүрекдіңдері немесе екпелері бар учаскелердiң жиынтығы;

4 4) өтініш беруші – мемлекеттiк орман қоры жерлерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерлерiн мемлекет мұқтаждықтары үшін алып қою өз мүдделерi үшiн жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалар;

5 5) сүрекдiң – орман екпелерiнiң негiзгi компоненті болып табылатын ағаштар жиынтығы.

2 2-тарау. Орман шаруашылығы шығасылар мен шығындардың орнын толтыру тәртібі

4

4. Өтініш беруші жер учаскесінің орналасқан жері бойынша еркін нысанда орман мекемесіне мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезіндегі орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарының орнын толтыру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Орман мекемесі өтініш келіп түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін басқа санаттағы жерлерге ауыстырудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарының орнын толтыру есептемесін осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасайды, басшысының мөрімен және қолтаңбасымен растайды.
Есептемелер екі данада жасалады, есептемелердің бір данасы өтініш берушіге табысталады, екінші данасы орман мекемесінде қалады.

5

5. Мемлекеттік орман қоры жерлері санаттарына арналған шығасылардың орнын толтыру есептемесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-02/132 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10613 болып тіркелген) бекітілген Орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны өтеу нормативтеріне (бұдан әрі - Нормативтер) сәйкес жүргізіледі.

6 6. Нормативтерде көрсетілген орман типтерінің топтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы

№ 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

7 7. Орман дақылдары бар болған кезде орман шаруашылығы өндірісі шығындарының орнын толтыру есептемесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықталады. Бұлар – орман дақылдарын қалыптастыруға (дайындық жұмыстары, орман дақылдарын отырғызу және оларға күтім жасау) жұмсалған шығындар.

8 8. Сүрек бар болған кезде төлемақы мөлшерлемесі бойынша орман шаруашылығы өндірісі шығындарының орнын толтыру есептемесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің

587-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сай нысан бойынша анықталады.

9

9. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептелген шығасылар сомаларының осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес есептелген шығындар бар болса, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған немесе орман алқаптарының нысаналы мақсаты өзгертілген сәттен бастап алты айлық мерзімде бюджет кірісіне орны толтырылуы тиіс.
Өтініш беруші шығасылар мен шығындардың төленгені туралы түбіртектің көшірмесін орман мекемесіне ұсынады.

1 Мемлекеттік орман қоры жерлері санаттарына арналған шығасылардың орнын толтыру есептемесі

Орман шаруашылығы
өндірісінің шығасылары
мен шығындарын өтеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік орман қоры жерлері санаттарына арналған
шығасылардың орнын толтыру есептемесі

Ор­ман ме­ке­ме­сі­нің ата­уы
Ор­ман­шы­лық
Ор­ман тип­те­рі­нің топ­та­ры
Ала­ңы,
гек­тар
1 гек­тар­ға мөл­ше­рі, мың тең­ге
Со­ма мың тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
Бар­лы­ғы
Орман шаруашылығы мекемесі басшысының қолы:
__________________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Өтініш беруші: ___________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Жасалған күні __________________
Мөр орны

2 Орман дақылдары бар болған кезде орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының орнын толтыру есептемесі

Орман шаруашылығы
өндірісінің шығасылары
мен шығындарын өтеу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Орман дақылдары бар болған кезде
орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының
орнын толтыру есептемесі

Жұ­мыстар­дың ата­уы
Негіз­де­ме
Со­ма тең­ге­мен/тиын
1
2
3
4
1
2
Бар­лы­ғы
Орман шаруашылығы мекемесі басшысының қолы:
__________________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Өтініш беруші: ___________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Жасалған күні __________________
Мөр орны

3 Сүрекдің бар болған кезде төлемақы мөлшерлемесі бойынша орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының орнын толтыру есептемесі

Орман шаруашылығы
өндірісінің шығасылары
мен шығындарын өтеу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Сүрекдің бар болған кезде төлемақы мөлшерлемесі бойынша орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының орнын толтыру
есептемесі

Ағаш-бұ­та тұқым­дастар ата­уы
Кә­де­лік сү­рек­дің жо­ғар­ғы ұшын­да­ғы дің­нің ке­сін­ді­сі­нің диа­метр­ле­ріне бай­ла­ны­сты, шар­шы метр/тең­ге
Отын­дық қа­бық­ты сү­рек­дің
тек­ше метр/
тең­ге
Со­ма­сы
мың тең­ге
ірі
ор­та­ша
ұсақ
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
Бар­лы­ғы
Орман шаруашылығы мекемесі басшысының қолы:
__________________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Өтініш беруші: ___________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Жасалған күні __________________
Мөр орны

Қолданыстағы