Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги)

Өзге акт · № 379/52 · қабылданған 30.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132306/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) Күшін жойған Өзге акт ·№ 379/52 ·30.05.2019
30.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги)

Күшін жойған Өзге акт ·№ 379/52 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги)
Атауы (қаз.)
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
379/52
Қабылданған күні
30.05.2019
Көрсетілген редакция
30.03.2021 132306_517012.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PA006410
ЭКБ идентификаторы
132306
Редакция идентификаторы
132306_517012
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:43

0 Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және

автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы
1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының
4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) орналасқан елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

3 3. Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3745 болып тіркелген, 2014 жылғы 04 сәуірде «Шаһар» газетінде және 2014 жылғы
07 сәуірде «Версия» газетінде жарияланған) № 233/32 шешімі;
Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 01 маусымдағы «Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» № 233/32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5162 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) № 41/5 шешімі.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың қала құрылысы және экология бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Павлодар қалалық мәслихатының
2019 жылғы «30» мамырдағы
№ 379/52 шешіміне
1-қосымша
Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
р/с №
Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері
Автотұрақтар (паркингтер) мақсаты
Павлодар қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты
Автотұрақтар (паркингтер) санаты
1
2
3
4
5
1
Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
1 санат
2
Айып автотұрақтары
Автокөлік құралдарын айып автотұрақтарында сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
3
Су көлік құралдарының тұрағы
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі су көлік құралдарын сақтау
Су көлік тұрақтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін
4
Аз қозғалатын топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын орындар
Аз қозғалатын топтардың автокөлік құралдарын және велотранспортты сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
5
Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк көліктерін қысқа мерзімде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін
2 санат
6
Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы негізде сақтау
Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты пайдалану және қызмет көрсету үшін
1
2
3
4
5
табылатын автотұрақтар (паркингтер)
7
Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)
Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау
Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
8
Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін
3 санат

7 Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшері

Павлодар қалалық мәслихатының
2019 жылғы «30» мамырдағы
№ 379/52 шешіміне
2-қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған
базалық салық мөлшерлемелерін
ұлғайту мөлшері
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты
Базалық салық мөлшерлемелерін
ұлғайту (есеге)
1 санат
1
2 санат
5
3 санат
10

Қолданыстағы