Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 124 · қабылданған 30.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132313/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 124 ·30.05.2019
30.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 124 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
124
Қабылданған күні
30.05.2019
Көрсетілген редакция
30.05.2019 132313_409594.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NT008498
ЭКБ идентификаторы
132313
Редакция идентификаторы
132313_409594
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:43

0 Қауымдық сервитут

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 67-баптарына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «SilkNetCom» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 3,2140 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы