Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Семей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Семей
- Атауы (қаз.)
- Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38/265-VI
- Қабылданған күні
- 29.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2022 132327_585974.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VB006008
- ЭКБ идентификаторы
- 132327
- Редакция идентификаторы
- 132327_585974
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:44
0 Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Семей қаласының мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:
1
1) Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V «Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде № 31 «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жарияланған);
2 2) Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V
2016 жылғы 5 қазандағы № 6/49-VI «Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4722 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 10 қарашада, 2016 жылғы 11 қарашада № 90 «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жарияланған).
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
Семей қаласы мәслихатының
2019 жылғы 29 мамырдағы
№ 38/265-VI шешіміне қосымша
Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
р/с №
Атауы
Есептік бірлік
Қызметтердің құны, теңге
1.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф
1.1.
Жайлы үйлер
тұрғын/айына
190
1.2.
Жайлы емес үйлер
тұрғын/айына
346
1.3.
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері
1 м3
1 284
2.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф
2.1.
Жеке тұлғалар үшін
1 м3
300
2.2.
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін
1 м3
300
3.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тариф
1 м3
846