О внесении изменений и дополнений в некоторые Указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые Указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 951
- Қабылданған күні
- 23.09.2002
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2015 13233_147668.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U020000951_
- ЭКБ идентификаторы
- 13233
- Редакция идентификаторы
- 13233_147668
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:49
0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қаулы етемін:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) "Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88
Жарлығына
:
Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы Ережеде:
6-тармақ "ұсынуы бойынша" деген сөздiң алдынан "ұсыныстары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы құрылымы мен штатын белгiлейтiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы қамтамасыз етедi";
17-тармақтағы және 21-тармақтың 2) тармақшасындағы тиiсiнше "мен Талдау орталығы", "және Талдау орталығының" деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Мемлекет басшысының ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қызметiн ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз етуге қатысады;";
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына:
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы Омархан Нұртайұлы Өксiкбаев Кеңес құрамына енгiзiлсiн;
Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин Кеңес құрамынан шығарылсын;
Александр Сергеевич Павловтың лауазымы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Бiрiншi орынбасары";
2 2) күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.10.12. N
201
жарлығымен.
3 3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
4 4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 839
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереженiң 16-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық бөлiмi болып табылады".
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2006.10.12. N 201; 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.