Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по городу Курчатов области Абай

Қаулы · № 32 · қабылданған 30.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132335/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по городу Курчатов области Абай Қолданыста Қаулы ·№ 32 ·30.05.2019
27.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по городу Курчатов области Абай

Қолданыста Қаулы ·№ 32 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по городу Курчатов области Абай
Атауы (қаз.)
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
32
Қабылданған күні
30.05.2019
Көрсетілген редакция
27.12.2023 132335_695343.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VC005992
ЭКБ идентификаторы
132335
Редакция идентификаторы
132335_695343
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:43

0 Абай облысы Курчатов қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

3

3. «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орынын белгілеу мен кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 374 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде 2016 жылы 4 наурызда № 4420 болып тіркелген, «Мой край» газетінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасы заңнамасындағы белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында тіркелуін;

2

2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бықылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде аталған қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдау;

4 4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау Курчатов қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

Курчатов қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «30» мамырдағы
№ 32 қаулысына
1 қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
№ р/с
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Мекен-жайы
1.
«Абай облысы Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаңы
Тәуелсіздік көшесі, 2
2.
Қалалық телекоммуникация торабы ғимаратының жанындағы алаңы
Абай көшесі, 13
3.
«№2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңы
Тәуелсіздік көшесі, 10
4.
«№3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңы
Олимпийская көшесі, 3
5.
«№4 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңы
Абай көшесі , 50
6.
«Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы алаңы
Тәуелсіздік көшесі, 12
7.
«Журавушка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратының жанындағы алаңы
Олимпийская көшесі, 30
8.
«Жайлаубай» базар ғимаратының жанындағы алаңы
Абай көшесі, 29
9.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаңы
Курчатова көшесі, 9
10.
Автобус аялдамасының жанында, Олимпия көшесі, 20 тұрғын үйге қарама-қарсы
Олимпийская көшесі, 20
11.
«ҚТЖ-жүк тасымалдау» - «ЖТ Семей бөлімшесі» АҚ бөлімшесінің әкімшілік ғимаратының жанында
Железнодорожная көшесі, 1
12.
Автобус аялдамасының қасында, Көктем көшесі, 2 тұрғын үйге қарама-қарсы
Көктем көшесі, 2

12 Курчатов қаласы бойынша сайлаушылармен кездесу үшін келісім шарт негізінде үміткерлерге берілетін үй-жайлар

Курчатов қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «30» мамырдағы
№ 32 қаулысына
2 қосымша
Курчатов қаласы бойынша сайлаушылармен кездесу үшін келісім шарт
негізінде үміткерлерге берілетін үй-жайлар

Қолданыстағы