Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан

Бұйрық · № 256 · қабылданған 05.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132337/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 256 ·05.06.2019
05.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 256 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
256
Қабылданған күні
05.06.2019
Көрсетілген редакция
05.06.2019 132337_409832.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018801
ЭКБ идентификаторы
132337
Редакция идентификаторы
132337_409832
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:38

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1

1) «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10285 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттарды:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронаттық тәрбиеші болу және ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) тұлғаны куәландыру құжатын (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) егер патронат тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) нотариалды куәландырылған келiсiмiн;
4) егер некеде тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесін;
5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесін;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуына мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқ екендігін растайтын патронат тәрбиешi болуға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса зайыбының (жұбайының) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманы;
7) білімі туралы дипломның көшірмесін;
8) баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманы (мектеп жасындағы балалар үшін);
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтаманы ұсынады.
Бала (балалар) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылатын тізбенің 8) тармақшасындағы көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін тіркеу талап етілмейді.»;
11-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін жасайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.
Қорытындыға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген тұлғаларға береді және оң қорытынды алған тұлғалар туралы мәліметтерді Кодекстің 118-3-бабына сәйкес Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) енгізеді.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Патронат тәрбиешiлерге берiлген әрбiр балаға (балаларға) баланы күтіп бағатын ұйым:
1) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiн;
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде № 6697 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген № 026/е нысанды медициналық құжаттаманы, егу паспортын және № 063/е нысанды медициналық құжаттаманы;
3) бiлiмi туралы құжатты;
4) баланың (балалардың) ата-ана қамқорлығынан айырылғанын растайтын қайтыс болуы туралы куәлiктің, сот үкiмiнің немесе шешiмiнің, ата-анасының сырқаттануы немесе iздестiрiлуi туралы анықтаманың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;
5) аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің-қарындастарының болуы және тұратын жерлерi туралы ақпаратты;
6) балаға (балаларға) тиесілі мүліктің тізімдемесін және оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді (бар болған жағдайда);
7) балада (балаларда) тұрғын үй-жайдың болуын растайтын құжатты;
8) баланы қылмыс жасаған күдікті патронатқа берген жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысын;
9) баланың (балалардың) жеке ісінде бар өзге де құжаттарды береді.»;
Патронаттық тәрбие туралы ережеге 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Патронаттық тәрбие туралы ережеге 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Нысан
«Бекітемін»
Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
____________________________
20___ жылғы «__»
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны»;
Патронаттық тәрбие туралы ережеге 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Нысан
«Бекітемін»
Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
____________________________
20___ жылғы «__»
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны»;

2

2) «Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14053 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Орган үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісін жүргізеді және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Баланы бала қонақтайтын отбасына қабылдаудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.
Берілген сәттен бастап 12 ай ішінде жарамды болатын қорытынды негізінде орган баланы таңдау үшін ұйымға жолдама береді.»;
Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Нысан
«Бекітемін»
Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
_________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны азамат(ша)
_________________________
_________________________
_________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) және жеке
сәйкестендіру нөмері)»;
Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Нысан
«Бекітемін»
Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
20___ жылғы «__»
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны»;

3

3) «Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14425 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Балаларды ұйымнан баланы қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адам тұрғылықты жері бойынша баланы қабылдайтын ата-аналардың, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы органына (бұдан әрі – Орган) мынадай құжаттарды:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқаларын көрсете отырып);
3) неке туралы куәліктің көшірмесін;
4) Кодекстің 91-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес адамның, ерлі-зайыптылардың ауруларының жоқ екенін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамаларды, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұруы туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамаларды;
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтаманы;
6) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың (жалға беру туралы шарт) көшірмесін;
7) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.»;
6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша Орган өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін дайындайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.
7. Қорытындыға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген тұлғаларға береді және оң Қорытынды алған үміткерлер туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне енгізеді.»;
Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережеге 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Нысан
«Бекітемін»
Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны азамат(ша)
_________________________
_________________________
_________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) және жеке
сәйкестендіру нөмері)»;
Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережеге 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Нысан
«Бекітемін»
Аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
20___ жылғы «__»
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны»;

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдірген және ақшалай қаражат тағайындау туралы өтініш

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
20__ жылғы «__» желтоқсандағы
№ ___ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 14 бұйрығына
1-қосымша
________________________
(органның атауы)
Патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдірген және ақшалай қаражат тағайындау туралы
өтініш
Балаларды патронаттық тәрбиеге беру және оларға асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды сұраймын
1. ___________________________ (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)
2. ___________________________ (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)
3. ___________________________ (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)
4. ___________________________ (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және жеке сәйкестендіру нөмірі) (білім ұйымының атау).
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдай зерделеуін өткізуге қарсы емеспін.
Тұрғылықты мекенжайым өзгерген жағдайда күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ол туралы міндетті түрде хабарлаймын.
Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
20__ жылғы «___» ______________ _________________
(қолы)

Қолданыстағы