О реорганизации Республиканского государственного предприятия Международный аэропорт Астана" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного предприятия Международный аэропорт Астана" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1062
- Қабылданған күні
- 26.09.2002
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2015 13241_60384.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001062_
- ЭКБ идентификаторы
- 13241
- Редакция идентификаторы
- 13241_60384
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:48
0 Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн;
2 2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3 3) Қоғам мемлекеттік тiркелгеннен кейiн Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетіне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне берсін;
4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4 4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
9 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 27 қыркүйектегi
N 1062 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестері республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесінде:
"Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-30-жолмен толықтырылсын:
"21-30 "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ".
3 3. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 160-14-жолмен толықтырылсын:
"160-14 "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ".
4 4. "Қызметінде төтенше жағдайлар туындау қатері жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 89 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 24-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiнде:
"Астана қаласы" бөлімiнің реттiк нөмiрi 7-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамы".
5
5. "Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"17. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ".
6 6. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат):
1) 1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Эйр Қазақстан" деген сөздерден кейiн "Астана халықаралық әуежайы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақтағы "Астана халықаралық әуежайы" деген сөздер алынып тасталсын.
7 7. "Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 маусымдағы N 611 қаулысына :
3-тармақта "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамына" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың үшінші абзацында "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынмен" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамымен" деген сөздермен ауыстырылсын.