Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с предварительным квалификационным отбором

Бұйрық · № 521 · қабылданған 31.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132416/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с предварительным квалификационным отбором Күшін жойған Бұйрық ·№ 521 ·31.05.2019
01.01.2025 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с предварительным квалификационным отбором

Күшін жойған Бұйрық ·№ 521 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с предварительным квалификационным отбором
Атауы (қаз.)
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
521
Қабылданған күні
31.05.2019
Көрсетілген редакция
01.01.2025 132416_736574.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018768
ЭКБ идентификаторы
132416
Редакция идентификаторы
132416_736574
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:41

0 Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2

2. «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13553 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4,5-тармақтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары–
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілген
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
1.
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтер.
Ескертпе:

1

1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

2 2. Алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылғанда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.

Қолданыстағы