Құжат мәтініне өту

О ратификации Рамочного соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о предоставлении Китайской Народной Республикой льготного кредита

Заң · № 257-VI · қабылданған 18.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132462/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Рамочного соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о предоставлении Китайской Народной Республикой льготного кредита Қолданыста Заң ·№ 257-VI ·18.05.2019
18.05.2019 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Рамочного соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о предоставлении Китайской Народной Республикой льготного кредита

Қолданыста Заң ·№ 257-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Рамочного соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о предоставлении Китайской Народной Республикой льготного кредита
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
257-VI
Қабылданған күні
18.05.2019
Көрсетілген редакция
18.05.2019 132462_421596.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1900000257
ЭКБ идентификаторы
132462
Редакция идентификаторы
132462_421596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:53

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік

келісімді ратификациялау туралы
2018 жылғы 7 маусымда Бейжіңде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісім ратификациялансын.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕҢІЛДІКТІ КРЕДИТ БЕРУІ ТУРАЛЫ НЕГІЗДЕМЕЛІК КЕЛІСІМ

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕҢІЛДІКТІ КРЕДИТ БЕРУІ ТУРАЛЫ НЕГІЗДЕМЕЛІК КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - "Тараптар")
екі ел арасындағы достық қатынастарды және техникалық-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:

i I бап

Қытай Халық Республикасының Үкіметі осы арқылы Қытайдың Экспорттық-импорттық банкінің (бұдан әрі - кредитор) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметіне (бұдан әрі - қарыз алушы) "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының Қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық толық жарақтандыру" жобасын (бұдан әрі — жоба) іске асыру үшін жалпы сомасы 2,062 млрд. қытай юанынан (екі миллиард алпыс екі миллион қытай юанынан) аспайтын жеңілдікті кредит (бұдан әрі - кредит) беруіне келісім береді.
Кредит бойынша пайыздарды субсидиялауға арналған шығыстарды Қытай Халық Республикасының Үкіметі кредиторға тікелей төлейді.

ii II бап

Кредит берудің негізгі шарттары мыналар болып табылады:

1 1) Кредит беру мерзімі пайдалану мерзімін, жеңілдікті мерзімді және өтеу мерзімін қоса алғанда, 20 (жиырма) жылдан аспайды, бұл ретте жеңілдікті мерзім 5 (бес) жылдан аспайды;

2 2) Кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 2 (екі) пайызды құрайды.

iii III бап

Жоба Тараптармен келісілді, кредитор бағалады және бекітті.
Осы кредит қайта кредиттелген жағдайда, кредитор және Қазақстан Республикасының Үкіметі қайта кредиттеуге уәкілеттік берген орган жобаны бағалауға және бекітуге тиіс.

iv IV бап

Кредитті пайдалану туралы Кредиттік келісім (бұдан әрі - кредиттік келісім) осы Негіздемелік келісім күшіне енгеннен кейін кредитор мен қарыз алушы арасында жасалатын болады.
Қажет болған жағдайда, Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Негіздемелік келісімге екі Тарап үшін қолайлы заңды нысандарда ресімделетін, осы Негіздемелік келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын және осы Негіздемелік келісімнің күшіне ену шарттарына сәйкес күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

v V бап

Тараптар кредиттік келісімнің іске асырылу барысын уақтылы тексеріп отырады, сондай-ақ осы Негіздемелік келісімді іске асыру барысында туындауы мүмкін тиісті мәселелер мен даулар бойынша консультациялар мен келіссөздер жүргізеді.

vi VІ бап

Осы Негіздемелік келісім Тараптардың осы Негіздемелік келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Негіздемелік келісім, егер күшіне енген күнінен бастап 3 (үш) жыл ішінде кредитор мен қарыз алушы арасында кредиттік келісім жасалмаса, автоматты түрде өз қолданысын тоқтатады.
2018 жылғы 7 маусымда Бейжің қаласыңда қазақ, қытай және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін артықшылықты күшке ие болады.

Қолданыстағы