Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня обязательных теле-, радиоканалов

Бұйрық · № 171 · қабылданған 17.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132476/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении перечня обязательных теле-, радиоканалов Күшін жойған Бұйрық ·№ 171 ·17.06.2019
29.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня обязательных теле-, радиоканалов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 171 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня обязательных теле-, радиоканалов
Атауы (қаз.)
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
171
Қабылданған күні
17.06.2019
Көрсетілген редакция
29.08.2024 132476_720141.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018861
ЭКБ идентификаторы
132476
Редакция идентификаторы
132476_720141
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:30

0 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған міндетті теле-, радиоарналар тізбесі бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1 1) «Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 368 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13707 болып тіркелген, 2016 жылғы

21 мамырда «Казахстанская правда» № 96 (28222) және «Егемен Қазақстан» № 96 (28824) республикалық газеттерінде жарияланған);

2 2) «Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 368 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы

31 мамырдағы № 246 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17043 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі

Қазақстан Республикасы Ақпарат
және қоғамдық даму министрінің
2019 жылғы 17 маусымдағы
№ 171 бұйрығымен
бекітілген
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі

Те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың ата­уы
Та­ра­ту ау­ма­ғы
1
2
3
1
«QAZAQSTAN»
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
2
«Хабар»
3
«Хабар 24»
4
«BALAPAN»
5
«ABAI TV»
6
«QAZSPORT»
7
«Kazakh TV»
8
«МИР»
9
«Астана»
10
«Almaty»
11
«Первый канал Евразия»
12
«КТК»
13
«31 канал»
14
«Седьмой канал»
15
«El arna»
16
«ATAMEKEN BUSINESS»
17
«НТК»

Қолданыстағы