Құжат мәтініне өту

Об едином организаторе государственных закупок

Қаулы · № 160 · қабылданған 13.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132490/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об едином организаторе государственных закупок Күшін жойған Қаулы ·№ 160 ·13.06.2019
19.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об едином организаторе государственных закупок

Күшін жойған Қаулы ·№ 160 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об едином организаторе государственных закупок
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
160
Қабылданған күні
13.06.2019
Көрсетілген редакция
19.07.2019 132490_416128.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VJ006012
ЭКБ идентификаторы
132490
Редакция идентификаторы
132490_416128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:33

0 Мемлекеттік сатып алуды

бірыңғай ұйымдастырушы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 7 бабының 1, 4 тармақтарына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тапсырыс берушілер үшін Жарма ауданы аумағында мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталсын.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары Н.А. Нургалиевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы