О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жангалинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жангалинском районе
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 69
- Қабылданған күні
- 06.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2019 132507_410261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZE005712
- ЭКБ идентификаторы
- 132507
- Редакция идентификаторы
- 132507_410261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:37
0 Жаңақала ауданында қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің кейбір
мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес, Жаңақала ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А.Карменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Нұрғожинге жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Батыс Қазақстан облысы
полиция департаментінің Жаңақала
ауданының полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ У.Абугалиев
«6» маусым 2019 жыл.
5 Жаңақала ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Аудан әкiмдiгiнiң 2019 жылғы
6 маусымдағы №69 қаулысына
қосымша
Жаңақала ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1 1) алғыс хат жариялау;
2 2) грамотамен марапаттау;
3 3) ақшалай сыйақы беру.
2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
3
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Жаңақала ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – полиция бөлімі) енгізеді.