О внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 13.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 132541_647668.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1900000013
- ЭКБ идентификаторы
- 132541
- Редакция идентификаторы
- 132541_647668
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:31
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
(үзінді)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 13 маусымдағы
№ 13 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1
2
2. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет пен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына:
Қызмет бабында пайдалану үшін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысындағы:
1-тармақтағы «Объектілерді қорғау қызметі» деген сөздер «Айрықша мақсаттағы күштер» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысындағы:
27-тармақтағы «Объектілерді қорғау қызметінің бастығы» деген сөздер «Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
4 4. Құпия.
5 5. Қызмет бабында пайдалану үшін.
6 6. Құпия.
7 7. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 279-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережедегі:
барлық мәтін бойынша «Объектілерді қорғау қызметі», «Объектілерді қорғау қызметін», «Объектілерді қорғау қызметінің» деген сөздер тиісінше «Айрықша мақсаттағы күштері», «Айрықша мақсаттағы күштерін», «Айрықша мақсаттағы күштерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ «және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтағы «Астана қаласы, Кенесары көшесі, 26» деген сөздер «Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 30.» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың екінші бөлігі «кіріс» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтың 2) тармақшасындағы «жедел-іздестіру» деген сөздерден кейін «және қарсы барлау» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақта:
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) полиграфиялық және фото-, бейнестудия құрал-жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ ақпараттық-талдау, әскери-публицистикалық және басқа да материалдарды басып шығаруды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) құпия;»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Бастықтың орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Бастықтың орынбасарларын Бастықтың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бастықтың бірінші орынбасарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Құпия.»;
27-тармақта:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) Мемлекеттік күзет қызметінің қолданыстағы және шартты атауын қолдану тәртібін айқындайды;»;
14) тармақшадағы «және әскери қызметшілердің» деген сөздер алып тасталсын.