О мерах по укреплению национальной безопасности и дальнейшему совершенствованию разведывательной деятельности
Қолданыста
Жарлық
·№ 23
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по укреплению национальной безопасности и дальнейшему совершенствованию разведывательной деятельности
- Атауы (қаз.)
- Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 17.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2019 132542_410698.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1900000023
- ЭКБ идентификаторы
- 132542
- Редакция идентификаторы
- 132542_410698
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:30
0 Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиiс
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздікті нығайту және арнаулы мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі (бұдан әpі – Қызмет) құрылсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1 1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қызмет туралы ереженің жобасын бекітуге ұсынсын;
2 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4 4. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі» деген жол алып тасталсын.