Құжат мәтініне өту

Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Костанайской области, за счет средств областного бюджета

Ереже · № 407 · қабылданған 14.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132566/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Костанайской области, за счет средств областного бюджета Күшін жойған Ереже ·№ 407 ·14.06.2019
09.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Костанайской области, за счет средств областного бюджета

Күшін жойған Ереже ·№ 407 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Костанайской области, за счет средств областного бюджета
Атауы (қаз.)
Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
407
Қабылданған күні
14.06.2019
Көрсетілген редакция
09.10.2020 132566_487689.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19N0008544
ЭКБ идентификаторы
132566
Редакция идентификаторы
132566_487689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:31

0 Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде айқындалсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

4 Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары

Мәслихаттың
2019 жылғы «14» маусымдағы
№ 407 шешіміне
қосымша
Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары

1

1. Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

2 2. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге жұмысқа уәкілетті орган жіберген және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне төленеді.

3 3. Уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

1 1) жыл сайын ауылдық жерлер үшін мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларының сұранысына талдау жүргізеді;

2 2) медицина және фармацевтика қызметкерлерінен өтініштер және олардың біліктілігін растайтын құжаттар қабылдайды, әлеуметтік қолдауға өтініш білдірген қызметкерлердің тізімін жасайды.

4 4. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлерімен (бұдан әрі – қызметкер) еңбек шартын жасасады.

5 5. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілген қызметкерлерге бір жолғы көмек болып табылады және еңбек шартын жасасқаннан кейін, қызметкердің жеке шотына аудару жолымен төленеді.

6 6. Қызметкерді өндірістік қажеттілікке байланысты Қостанай облысының шегінде, сондай-ақ ауылдық жерде орналасқан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бір медициналық ұйымнан басқа ұйымға ауыстырған жағдайда, қызметкерге берілген әлеуметтік қолдау сақталады.

7 7. Қызметкермен еңбек шарты бұзылған жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

8 8. Еңбек қатынастары мерзімінен ерте бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

Қолданыстағы