Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 120 · қабылданған 19.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132629/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 120 ·19.06.2019
06.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 120 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
120
Қабылданған күні
19.06.2019
Көрсетілген редакция
06.04.2020 132629_452998.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SL005449
ЭКБ идентификаторы
132629
Редакция идентификаторы
132629_452998
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:28

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабы 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабы 6) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 82 қаулысының (2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4729 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ________
№ ___ қаулысына
қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйымның
атауы
Жұмыс орындарының саны
Квотаның пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Атамекен Агро Тимирязево»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
148
3%
4

Қолданыстағы