Құжат мәтініне өту

О снятии карантина

Қаулы · № 92 · қабылданған 14.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132638/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О снятии карантина Қолданыста Қаулы ·№ 92 ·14.06.2019
14.06.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии карантина

Қолданыста Қаулы ·№ 92 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии карантина
Атауы (қаз.)
Карантинді алып тастау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
92
Қабылданған күні
14.06.2019
Көрсетілген редакция
14.06.2019 132638_410763.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19MF003928
ЭКБ идентификаторы
132638
Редакция идентификаторы
132638_410763
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:31

0 Карантинді алып тастау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 7 маусымдағы № 10-18-119 ұсынысының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.«Қарағантубек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүйізді ұсақ малдарының арасынан «Шешек» ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілгеніне байланысты Түпқараған ауданының «Сұршоқы» қыстағының аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.

2

2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 55 «Карантин белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3877 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

3

3.«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д. Утебалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қайнарбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы