Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации, связи, за соблюдением законодательства Республики Казахстан об электронном документе и электронной цифровой подписи

Бұйрық · № 114/НҚ · қабылданған 04.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132656/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации, связи, за соблюдением законодательства Республики Казахстан об электронном документе и электронной цифровой подписи Қолданыста Бұйрық ·№ 114/НҚ ·04.06.2019
28.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации, связи, за соблюдением законодательства Республики Казахстан об электронном документе и электронной цифровой подписи

Қолданыста Бұйрық ·№ 114/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации, связи, за соблюдением законодательства Республики Казахстан об электронном документе и электронной цифровой подписи
Атауы (қаз.)
Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
114/НҚ
Қабылданған күні
04.06.2019
Көрсетілген редакция
28.05.2025 132656_770097.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018805
ЭКБ идентификаторы
132656
Редакция идентификаторы
132656_770097
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:39

0 Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1

2

3 3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ақпараттандыру саласындағы тексеру парағы;

4 4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Байланыс саласындағы тексеру парағы;

5 5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1275 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 841 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12990 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1275 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 841 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 456 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17675 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қарашадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi

1 Ақпараттандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы « »

және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы « »

бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттары

2 Байланыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс ж
әне аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы « »

және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы « »

бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Байланыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

3 Мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған меншік иелері мен операторларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иеленушілеріне, дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторларына, сондай-ақ субъект, меншік иесі және (немесе) оператор болып табылмай

Қазақстан Республикасы Цифрлық
даму, қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 4 маусымдағы
№ 114/НҚ және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 52 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған меншік иелері мен операторларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иеленушілеріне, дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторларына, сондай-ақ субъект, меншік иесі және (немесе) оператор болып табылмайтын, бірақ олармен (онымен) байланысты мән-жайлармен немесе дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі құқықтық қатынастармен байланысты емес үшінші тұлғаларға қатысты
ақпараттандыру саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тағайындау туралы акт
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1.
тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ның қа­ғаз жет­кіз­гіш­тер­де түп­нұс­қа­ла­ры­ның бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
2.
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­ста­ры­ның сақ­та­луы, қор­ға­луы, олар­да ір­кі­ліс болған неме­се бү­лін­ген жағ­дай­да қал­пы­на кел­ті­рі­луі бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­та­луы
3.
элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­дың ре­зерв­тік кө­шір­ме­ле­рін жа­сау және уақ­ты­лы өзек­тен­ді­рі­лу­ін ба­қы­лау жө­нін­де­гі та­лап­тар­дың сақ­та­луы
4.
АЖ-ны өнер­к­ә­сіп­тік пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ту­ра­лы акт, ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кес оң сы­нақ нәти­же­сі бар акт, тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма са­рап­та­ма­сы және ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кест­ік ат­те­ста­ты бар болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­мен ин­те­гра­ци­я­лай­тын мем­ле­кет­тік емес ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­дің та­лап­ты сақ­та­уы
5.
элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­ды ал­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­дің мен­шік ие­ле­рі мен ие­ле­ну­ші­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған дер­бес де­ректер­ді қор­ғау бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­та­уы
6.
Мү­лік­тік және (неме­се) мо­раль­дық зи­ян кел­ті­ру, аза­мат­тар­дың құқық­та­ры мен бо­стан­дық­та­рын іс­ке асы­ру­ды шек­теу мақ­са­тын­да же­ке тұ­лға­лар ту­ра­лы дер­бес де­ректер­ді қам­ти­тын элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­ды пай­да­ла­ну­ға жол бер­меу бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
7.
дер­бес де­ректер­ді жи­нау, өң­деу шар­тта­ры бұ­зы­л­ған жағ­дай­да, субъ­ек­ті­нің және (неме­се) опе­ра­тор­дың, сон­дай-ақ үшін­ші тұл­ға­ның өзде­рі­нің дер­бес де­ректе­рін бұ­ғат­та­уды та­лап ету құқық­та­рын сақ­тау
8.
субъ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі­нен және (неме­се) опе­ра­тор­дан, сон­дай-ақ үшін­ші тұл­ға­дан олар­ды жи­нау мен өң­деу заң­сыз жүр­гі­зі­л­ген жағ­дай­да, дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау заң­на­ма­сы­ның бұ­зы­луы­на бай­ла­ны­сты өзде­рі­нің дер­бес де­ректе­рін жою құқы­ғы­ның сақ­та­луы
9.
субъ­ек­ті­нің дер­бес де­ректе­рін жи­на­у­ға және өң­де­у­ге оның ке­лі­сі­мін ал­ға­ны ту­ра­лы дәлел­де­ме­ні ұсы­ну мін­дет­те­ме­ле­рі­нің сақ­та­луы
10.
уәкі­лет­ті ор­ган­мен және ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­мен ке­лі­сі­л­ген тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма­ның бо­луы ту­ра­лы та­лап­тар­дың сақ­та­луы
11.
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін құ­ру және жа­сау ке­зін­де бір жыл­дан ас­пай­тын тә­жі­ри­бе­лік пай­да­ла­ну­ды жүр­гі­зу мер­зі­мі ту­ра­лы та­лап­тар­дың сақ­та­луы
Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________________________ ________
лауазымы қолы
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _____________________ ____________
лауазымы қолы
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

4 Жеке тұлғаларға, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, байланыс операторларына қатысты байланыс саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы Цифрлық
даму, қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 4 маусымдағы
№ 114/НҚ және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 52 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Жеке тұлғаларға, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік
сектор субъектілеріне, байланыс операторларына қатысты
байланыс саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тағайындау туралы акт _________________________________________________

№, күні

Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________________

Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
1.
або­нент­тер ту­ра­лы қыз­мет­тік ақ­па­рат­ты жи­на­уды және сақ­та­уды жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша мін­дет­тер­дің сақ­та­луы
2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­рың­ғай те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сін­де пай­да­ла­ны­ла­тын тех­ни­ка­лық бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­ның по­шта бай­ла­ны­сы­ның тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­ның электр маг­нит­тік сәу­ле­ле­ну кө­зі бо­лып та­бы­ла­тын ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар мен жо­ға­ры жи­і­лік­ті құ­ры­л­ғы­лар­дың сәй­кест­і­гі­нің рас­та­луы
3.
жұ­мыл­ды­ру дай­ынды­ғы жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­дың орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­тың сақ­та­луы
4.
бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ның бо­луы
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ра­дио­жи­і­лік спек­трін пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тар­дың бо­луы
6.
бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін көр­се­ту бой­ын­ша қыз­мет­ті ба­с­та­ға­ны неме­се тоқ­та­тқа­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
7.
ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар­ды және (неме­се) жо­ға­ры жи­і­лік­ті құ­ры­л­ғы­лар­ды пай­да­ла­ну­ды ба­с­та­ға­ны неме­се тоқ­та­тқа­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
8.
бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де же­дел-із­де­сті­ру, қар­сы бар­лау қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ор­ган­дар­ға бар­лық бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де же­дел-із­де­сті­ру, қар­сы бар­лау іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу­де ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық және тех­ни­ка­лық мүм­кін­дік­тер­ді қам­та­ма­сыз ету, сон­дай-ақ көр­се­ті­л­ген іс-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зу ны­сан­да­ры мен әді­сте­рін жа­ри­я­ла­уды бол­дыр­мау жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дау бой­ын­ша мін­дет­тер­дің сақ­та­луы
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету­дің мем­ле­кет­тік жүй­е­сі­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген, бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның де­ректер­ді та­ра­ту­ды өл­шеу жүй­е­сі мен қо­сы­лу ұз­ақ­тығ­ын өл­шеу жүй­е­сі бар тра­фик­ті есеп­ке алу жүй­е­ле­рі­нің бо­луын рас­тау үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету­дің мем­ле­кет­тік жүй­е­сі­нің ті­зі­лі­мі­нен үзін­ді кө­шір­ме­нің, қол­да­ны­с­та­ғы тек­се­ру сер­ти­фи­кат­та­ры­ның кө­шір­ме­ле­рі­нің бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
10.
бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның, қыз­мет про­вай­де­рі­нің, ве­дом­ство­лық те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сі, ар­найы та­ғай­ын­дал­ған те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сі, кор­по­ра­тив­тік же­лі ие­ле­рі­нің бө­лін­ген нө­мір­леу ре­сур­сы­ның 50 пай­ы­здан аста­мын бө­лін­ген кез­ден ба­стап екі жыл ішін­де пай­да­ла­ну бой­ын­ша та­лап­ты сақ­та­уы
11.
нө­мір­леу ре­сур­сын алушы­ның нө­мір­леу ре­сур­сын пай­да­ла­нуы (нө­мір­леу ай­ма­ғын гео­гра­фи­я­лық тұр­ғы­дан ай­қын­да­май­тын «DEF» кодын­да­ғы «Х1», «Х1Х2» ин­дек­с­те­рін; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге қол жет­кі­зу код­та­рын пай­да­ла­на оты­рып бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін ұсы­на­тын (Х1Х2Х3)/(Х1Х2Х3Х4) опе­ра­тор­лар код­та­ры; «1UV (Х1(Х2))» шұ­ғыл же­дел, ақ­па­рат­тық-анық­та­ма­лық және тап­сы­рыс бе­ру қыз­мет­те­ріне қол жет­кі­зу нө­мір­ле­рін, қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры­ның таң­дау пре­фикс­те­рін бө­лін­ген кез­ден ба­стап екі жыл ішін­де 6 ай­дан астам (уәкі­лет­ті ор­ган жү­зе­ге асы­ра­тын тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша) пай­да­ла­ну бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
12.
бас­қа­ру ор­та­лы­ғы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан же­рү­сті сег­мент­те­рі мен ком­му­та­ци­я­лық то­рап­тар­ды қам­ту бой­ын­ша та­лап­ты сақ­та­уы
13.
тәу­ел­сіз гео­гра­фи­я­лық трас­са­лар бой­ын­ша ұй­ым­да­сты­ры­л­ған тәу­ел­сіз ай­нал­ма жол­дар­ды бе­ру неме­се сол та­ра­ту же­лі­ле­рін­де ұй­ым­да­сты­ры­ла­тын трак­ті­лер­ге (ар­на­лар­ға) ауы­сты­ру жо­лы­мен кө­лік­тік же­лі­лер­ді ре­зерв­ке қою бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
14.
оған қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры мәр­те­бе­сін бер­ген кез­де қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сі құ­ра­мын­да кө­лік­тік те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­ле­рі­нің (ма­ги­страль­дық және ай­ма­қі­ші­лік бай­ла­ныс же­лі­ле­рі­нің) бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
15.
қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­ле­рін­де бас­қа ел­дер­дің жал­пы пай­да­ла­нуын­да­ғы те­ле­ком­му­ни­ка­ция же­лі­сі­мен ха­лы­қа­ра­лық қо­сы­лу­ды ұй­ым­да­сты­ру үшін ке­мін­де үш та­ра­ту­дың (еке­уі өз же­лі­сі­нің ба­ғы­ты­мен және біpeуі бас­қа ел­дің же­лі­сі­нің ба­ғы­тын­да) шы­ғуы (үш ба­ғыт) бар же­лі­лік то­рап­тар­дың бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
16.
қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сі құ­ра­мын­да же­рү­сті бай­ла­ныс же­лі­ле­рі бой­ын­ша кө­лік­тік же­лі­нің ше­тел­дер­дің бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­ле­рі­мен ке­мін­де бір то­ғы­су нүк­те­сі­нің бо­луы ту­ра­лы та­лап­ты сақ­та­уы
17.
қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың әм­бе­бап қыз­мет­те­рін қам­та­ма­сыз ете­тін же­лі­лер­ді дер­бес құ­руы (да­мы­туы) ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
18.
оған қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры мәр­те­бе­сін бер­ген кез­де қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сі құ­ра­мын­да так­ті­лі же­лі­лік син­хрон­дау жүй­е­сі­нің бо­луы
19.
оған қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры мәр­те­бе­сін бер­ген кез­де қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сі құ­ра­мын­да қа­ла­ара­лық және ха­лы­қа­ра­лық ком­му­та­ция стан­ци­я­ла­ры­ның бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
20.
қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сі­нің құ­ра­мын­да бас­қа­ру жүй­е­сі­нің және тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну жүй­е­сі­нің жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету жүй­е­ле­рі­нің бо­луы
21.
қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ция же­лі­ле­рі­мен ке­мін­де ал­ты об­лы­стың (гео­гра­фи­я­лық нө­мір­леу ай­ма­ғы), Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның ау­ма­ғын қам­туы бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
22.
қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның ха­лы­қа­ра­лық ком­му­та­ция ор­та­лық­та­ры­ның ке­мін­де екі бас­қа қа­ла­ара­лық және (неме­се) ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның ха­лы­қа­ра­лық ком­му­та­ция ор­та­лы­ғы­мен бай­ла­ны­стың бо­луы, ал бар­лық ав­то­мат­ты қа­ла­ара­лық те­ле­фон стан­ци­я­ла­ры ке­мін­де екі ха­лы­қа­ра­лық ком­му­та­ция ор­та­лы­ғы­мен бай­ла­ны­ста бо­луы ти­іс
23.
тех­ни­ка­лық бас­шы­лар мен ма­ман­дар­дың бі­лік­ті құ­ра­мын рас­тау үшін ти­іс­ті бі­лі­мі мен ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де үш жыл прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бар тех­ни­ка­лық бас­шы­лар мен ма­ман­дар­дың бі­лік­ті­лік құ­ра­мы ті­зі­мі­нің, ди­плом­дар­дың кө­шір­ме­ле­рі­нің, жұ­мысқа қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық­тар­дың, ең­бек кі­тап­ша­ла­ры­ның неме­се ең­бек шар­тта­ры кө­шір­ме­ле­рі­нің, бай­ла­ныс са­ла­сын­да да­яр­лық және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша кур­стар­дан өт­ке­ні ту­ра­лы ку­ә­лік­тер неме­се сер­ти­фи­кат­тар­дың бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
24.
ак­ци­о­нер­лер (қа­ты­су­шы­лар) ара­сын­да ак­ци­я­лар па­ке­тін (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рін) бө­лу жө­нін­де­гі ақ­па­рат­ты рас­тау үшін өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры кө­шір­ме­ле­рі­нің және ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ұста­у­шы­лар (се­рік­те­стік қа­ты­су­шы­ла­ры­ның) ті­зі­лі­мі­нің бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
25.
ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар мен жо­ға­ры жи­і­лік­ті құ­ры­л­ғы­лар­дың тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры мен пай­да­ла­ну жағ­дай­ла­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ра­дио­жи­і­лік спек­трін пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған рұқ­сат­та және ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар­ды және (неме­се) жо­ға­ры жи­і­лік­ті құ­ры­л­ғы­лар­ды пай­да­ла­ну­ды ба­с­та­ға­ны неме­се тоқ­та­тқа­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­да жа­зы­л­ған та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
26.
пай­да­ла­ну­шы­лар­ға са­па­сы жа­ғы­нан стан­дарт­тар­ға, тех­ни­ка­лық нор­ма­лар­ға, бай­ла­ныс қыз­ме­тін көр­се­ту­ге ар­нал­ған шар­ттың та­лап­та­ры­на, бай­ла­ныс қыз­ме­ті­нің са­па көр­сет­кіш­те­ріне сәй­кес ке­ле­тін бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін көр­се­ту бой­ын­ша мін­дет­тер­дің сақ­та­луы
27.
Ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры­ның або­нент­тер­ге те­гін қо­сы­лы­стыр­ды ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­ты сақ­та­уы
28.
зи­ят­кер­лік қыз­мет­тер (ло­те­рея, да­уыс бе­ру, те­ле­вик­то­ри­на, вик­то­ри­на, анық­та­ма­лық ақ­па­рат­тық қыз­мет­тер, та­ны­су қыз­мет­те­рі) көр­се­ті­л­ген кез­де та­риф­те­ле­тін қо­сы­лу­дың ба­ста­луы­на дей­ін бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның або­нент­ке атал­ған қо­сы­лы­стың құ­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бе­ру ту­ра­лы та­лап­ты сақ­та­уы
29.
ұя­лы бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін көр­се­ту­ге бай­ла­ны­сты ақ­па­рат­ты або­нент­тер­ге ұсы­ну мақ­са­тын­да ақ­па­рат­тық-анық­та­ма­лық қыз­мет көр­се­ту жүй­е­сін құ­ру бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
30.
бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның же­лі­сін­де або­нент ал­ған бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін, олар­ды пай­да­ла­ну уа­қы­ты, ұқсас стан­дарт­ты бас­қа же­лі або­нент­те­рі­нің те­ле­фон нө­мір­ле­рі­мен қо­сы­лы­ста­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­ды ав­то­мат­ты түр­де есеп­ке алу­ды жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
31.
або­нент­тер­ге түн­гі уа­қыт­та (са­ғат 22:00-ден 06:00-ға дей­ін) бұ­рын або­нент сұ­рат­па­ған, қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма­лар­ды және/неме­се муль­ти­ме­ди­я­лық ха­бар­ла­ма­лар ар­қы­лы ақ­па­рат­тар­ды (жар­на­ма­лық си­патта­ғы та­ра­ту­лар­ды) жі­бе­ру бой­ын­ша ли­мит­ті ор­на­ту бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы (ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры үшін)
32.
бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның або­нент­ке те­ле­фон бай­ла­ны­сы қыз­мет­те­рін көр­се­ту ке­зін­де оған өзге ақы­лы қыз­мет­тер­ді тық­па­ла­у­ға жол бер­меу бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
33.
або­нент те­ле­фон бай­ла­ны­сы қыз­ме­ті са­па­сы­ның на­шар­ла­ға­ны ту­ра­лы өті­ніш­ті бер­ген күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік үш күн ішін­де са­па­сын қал­пы­на кел­ті­ру бой­ын­ша қа­жет­ті ша­ра­лар қа­был­дау және або­нент­тік тө­лем­ді қай­та есеп­те­уді жүр­гі­зу бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
34.
бай­ла­ныс або­нент­тің кінә­сі­нен болған або­нент­тік құ­ры­л­ғы­ның нақ­ты әре­кет­сіз­ді­гі ке­зе­ңін­де або­нент­тік тө­лем­дер­ді қай­та есеп­те­уді жүр­гі­зу бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
35.
або­нент­ті те­ле­фон же­лі­ле­рін­де­гі ава­ри­я­лар ту­ра­лы және осы ава­ри­я­лар­ды жо­ю­дың бо­лжа­на­тын мер­зі­мі ту­ра­лы ха­бар­дар ету бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
36.
се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, күн­тіз­бе­лік 30 күн бұ­рын або­нент­тік нө­мір­ді ал­ма­сты­ру ту­ра­лы және (неме­се) тер­ми­нал­ды ажы­ра­ту ту­ра­лы або­нент­ті ха­бар­дар ету бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
37.
олар­ды қол­да­ны­сқа ен­гіз­ген­ге дей­ін күн­тіз­бе­лік 30 күн­нен ке­шік­тір­мей ха­бар­дар ете оты­рып, або­нент­тің ке­лі­сі­мі­мен бай­ла­ныс қыз­мет­те­ріне та­риф шар­тта­рын өзгер­ту ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
38.
уақ­ты­лы тө­ле­ме­ге­ні үшін ажы­ра­ты­л­ған бай­ла­ныс қыз­ме­тіне қол жет­кі­зу­ді, бе­ре­шек­ті өте­ген кез­ден ба­стап жиыр­ма төрт са­ғат ішін­де (або­нент­тен ақы тө­ле­ге­нін рас­та­уды ал­ған неме­се ұя­лы бай­ла­ныс және Ин­тер­нет­ке қол жет­кі­зу қыз­мет­те­рі опе­ра­тор­ла­ры үшін або­нент­тің бай­ла­ныс қыз­ме­тіне ақы тө­леу бой­ын­ша бе­ре­ше­гін жой­ға­ны ту­ра­лы рас­та­у­шы құ­жат­тар­ды ұсын­ған кез­ден ба­стап) қал­пы­на кел­ті­ру бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
39.
бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның або­нент­ке/пай­да­ла­ну­шы­ға бай­ла­ныс қыз­ме­тін көр­се­ту ке­зін­де олар өзге де қыз­мет­тер­ді алу шар­тта­рын орын­да­ма­ған жағ­дай­да оның құқы­ғын шек­те­у­ге жол бер­меу бой­ын­ша та­лап­ты сақ­та­уы
40.
бай­ла­ныс опе­ра­то­ры мен або­нент­тің ара­сын­да бай­ла­ныс қыз­ме­тін көр­се­ту бой­ын­ша жа­рия шар­ттың бо­луы
41.
олар­дың же­лі­сін­де жұ­мыс іс­тей­тін або­нент­тік құ­ры­л­ғы­лар­дың сәй­кестен­ді­ру коды­ның ті­зі­лі­мін жүр­гі­зу бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы (ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры үшін)
42.
або­нент­тік құ­ры­л­ғы­ның мен­шік ие­сі­нің өті­ні­ші бой­ын­ша өз же­лі­сін­де сәй­кестен­ді­ру ко­ды бой­ын­ша або­нент­тік құ­ры­л­ғы­ның жұ­мысын тоқ­та­та тұ­ру неме­се қал­пы­на кел­ті­ру бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы (ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры үшін)
43.
або­нент­тер­ді бай­ла­ныс құ­рал­да­рын жар­ты­лай неме­се то­лық ажы­ра­ту­мен бай­ла­ны­сты оған про­фи­лак­ти­ка­лық қыз­мет көр­се­ту ту­ра­лы және осын­дай жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу мер­зім­де­рі ту­ра­лы атал­ған жұ­мыстар ба­стал­ған­ға дей­ін күн­тіз­бе­лік үш күн бұ­рын ха­бар­дар ету бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы (ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры үшін)
44.
тәу­лік бой­ғы ре­жим­де ағым­да­ғы есеп шо­тын­да­ғы ақ­ша­ның ба­лан­сын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
45.
або­нент­ке көр­се­ті­л­ген ұя­лы бай­ла­ныс қыз­мет­те­ріне ар­тық тө­лен­ген ақ­ша қа­ра­жа­тын қай­та­ру неме­се або­нент ке­лі­сім бер­ген кез­де ұя­лы бай­ла­ныс қыз­мет­те­ріне аванс бе­ру ре­т­ін­де есеп­теу
46.
бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның тех­ни­ка­лық мүм­кін­дік болған кез­де бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін көр­се­ту ту­ра­лы шарт жа­са­су­дан бас тар­туы­на жол бер­меу бой­ын­ша шар­ттың сақ­та­луы
47.
бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның ба­ста­ма­сы бой­ын­ша жа­ңа ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған те­ле­фон стан­ци­я­ла­ры­ның пай­да­ла­ну­ға бе­рі­лу­іне және жер­гі­лік­ті те­ле­фон же­лі­ле­рі­нің ре­кон­струк­ци­я­ла­нуы­на бай­ла­ны­сты пай­да­ла­ну­шы­лар­ды ал­дын ала ха­бар­дар ете оты­рып, або­нент­тік нө­мір­лер­ді те­гін ауы­сты­ру ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
48.
бай­ла­ныс қыз­мет­те­ріне кре­дит­тік ақы тө­леу тә­сі­лі шар­тта­ры­ның сақ­та­луы
49.
бай­ла­ныс қыз­мет­те­ріне аван­стық ақы тө­леу тә­сі­лі шар­тта­ры­ның сақ­та­луы
50.
үстем жағ­дай­ға ие бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның қо­су шар­тын жа­са­су­дан бас тар­туы­на не үстем жағ­дай­ға ие бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның бай­ла­ныс же­лі­ле­рін қо­су­ға неме­се тө­се­у­ге кө­рі­неу шек­те­у­ші шар­ттар бел­гі­ле­уіне жол бер­меу бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
51.
ор­тақ пай­да­ла­ны­ла­тын те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сіне те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­ле­рін қо­су мер­зім­де­рі­нің сақ­та­луы
52.
бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры­ның тра­фик­ті өт­кі­зу және өза­ра есеп ай­ы­ры­су тәр­ті­бін қо­са ал­ған­да, те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­ле­рін қо­су дең­гей­ле­рін сақ­та­уы
53.
те­гін, атын және әке­сі­нің атын (бар болған жағ­дай­да), Ин­тер­нет­те жұ­мыс іс­те­уді ба­стау және аяқ­тау уа­қы­тын, пай­да­ла­ну­шы жұ­мыс іс­те­ген ком­пью­тер ие­сі­нің нө­мі­рін қам­ти­тын пай­да­ла­ну­шы­лар­ды есеп­ке алу­дың элек­трон­дық жур­на­лы­ның бо­луы (ел­ді ме­кен­дер­де ұя­лы бай­ла­ныс бол­ма­ған жағ­дай­да) ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
54.
бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мін­де неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да тый­ым са­лын­ған ақ­па­рат­қа рұқ­сат бер­меу ту­ра­лы та­лап­ты сақ­та­уы
55.
же­лі­лік ме­кен­жай­лар­ды ауы­сты­ру­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
56.
байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындауы
57.
бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның және (неме­се) бай­ла­ныс же­лі­сі ие­сі­нің бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін көр­се­ту ту­ра­лы ти­іс­ті шар­ты жа­са­май, бай­ла­ныс қыз­мет­те­рін көр­се­туі, сол си­яқ­ты бай­ла­ныс опе­ра­то­ры өкі­лі­нің або­нент­тік нө­мір­лер­ді та­ра­туы
58.
ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ра­дио­жи­і­лік спек­трін пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған рұқ­сат­та көр­се­ті­л­ген ел­ді ме­кен­дер­ді және (неме­се) аумақ­тар­ды бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі­мен қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­уы
59.
ра­дио­жи­і­лік спек­трін бір жыл ішін­де пай­да­лан­бау
60.
ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­ның ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де або­нент­тік нө­мір­лер­ді кө­ші­ру­ді және олар­дың мер­зім­де­рін қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша мін­дет­тер­ді орын­да­уы
61.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ра­дио­жи­і­лік спек­трін пай­да­лан­ға­ны үшін төлем­нің мем­ле­кет­тік бюд­жет­ке тө­лен­ген­ді­гін рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы
62.
бас­қа же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­ға өзде­ріне ие­лік­ке бе­рі­л­ген жи­і­лік бел­де­уле­рін, ра­дио­жи­і­лік­тер­ді (ра­дио­жи­і­лік ар­на­ла­рын) уа­қыт­ша неме­се тұ­рақ­ты пай­да­ла­ну құқы­ғын бе­ру­ге жол бер­меу бой­ын­ша та­лап­тың сақ­та­луы
63.
по­шта опе­ра­то­ры­ның по­шта жә­шік­те­рін ор­на­ту және олар­дан по­шта жө­нел­ті­лім­де­рін алу­ды жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­та­уы
64.
по­шта жә­шік­те­рін­де по­шта опе­ра­то­ры­ның ло­го­ти­пі­нің, бе­рі­л­ген нө­мі­рі­нің, хат-ха­бар­лар­ды жә­шік­тен алу жи­і­лі­гі мен уа­қы­ты­ның (ал­ғаш­қы және соң­ғы алы­ну уа­қы­ты) бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
65.
ауыл­дық жер­де­гі по­шта жә­шік­те­рін­де по­шта опе­ра­то­ры­ның ло­го­ти­пі­нің, бе­рі­л­ген нө­мі­рі­нің, алы­ну уа­қы­ты­ның, сон­дай-ақ алу жү­зе­ге асы­рыл­май­тын күн­де­рі­нің бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
66.
По­шта опе­ра­то­ры­ның өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ле­ріне кі­рер жер­де өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­нің ата­уы және жұ­мыс ре­жи­мі көр­се­ті­л­ген маң­дай­ша­ның, оның ішін­де қа­ла­лар­да ор­на­лас­қан және жы­л­жы­ма­лы гра­фик бой­ын­ша, түс­кі үзіл­іспен неме­се де­ма­лыс кү­ні­мен жұ­мыс іс­тей­тін өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­де, сон­дай-ақ бас­қа гра­фик бой­ын­ша неме­се де­ма­лыс күн­де­рін­сіз қыз­мет­тер ұсы­на­тын жа­қын маң­да­ғы өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі және жұ­мыс ре­жи­мі ту­ра­лы мәт­ін­де­гі маң­дай­ша­ның және қа­зақ, орыс тіл­де­рін­де ха­бар­лан­ды­ру­дың бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
67.
по­шта опе­ра­то­ры­ның өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­сі­нің опе­ра­ция за­лын­да по­шта опе­ра­то­ры­ның қыз­мет­те­рін пай­да­ла­ну­шы­лар үшін көр­не­кі және қол­же­тім­ді жер­де ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дың бо­луы ту­ра­лы та­лап­тың сақ­та­луы
68.
по­шта опе­ра­то­ры­ның өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­ді мен­шік­ті ата­у­лы құ­ры­л­ғы­лар­мен қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­ты сақ­та­уы
69.
по­шта опе­ра­то­ры­ның по­шта же­лі­ле­рін­де по­шта жө­нел­ті­лім­де­рін ашпай-ақ, он­да­ғы тый­ым са­лын­ған заттар мен нәр­се­лер­ді анық­та­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін тех­ни­ка­лық құ­рал­дар мен жаб­дық­тар­ды ор­на­ту бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­та­уы
70.
бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де же­дел-із­де­сті­ру, қар­сы бар­лау қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ор­ган­дар­дың або­нент­тер ту­ра­лы қыз­мет­тік ақ­па­рат­қа қол жет­кі­зу­ін қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі мін­дет­тер­ді сақ­тау, сон­дай-ақ цифр­лық да­му Ми­ни­стрі­нің бір­лес­кен бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы тек­се­ру па­ра­ғын же­дел-із­де­сті­ру, қар­сы бар­лау іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу­дің ны­сан­да­ры мен әді­сте­рін ашу­ға жол бер­меу жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дау
71.
бай­ла­ныс же­лі­ле­рі мен құ­рал­да­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес же­дел-із­де­сті­ру, қар­сы бар­лау іс-ша­ра­ла­рын тех­ни­ка­лық жүр­гі­зу үшін өзі­нің те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық жабды­ғы­ның функ­ци­я­ла­рын қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі мін­дет­тер­ді сақ­тау
72.
або­нент­тер­дің ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де ұя­лы бай­ла­ныс сиг­на­лын кү­шейт­кіш­тер­ді (қай­та­ла­ғы­штар­ды, бел­сен­ді ре­транс­ля­тор­лар­ды) пай­да­ла­ну тәр­ті­бін сақ­та­уы
Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________________________ _______________
лауазымы қолы
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ _______________
лауазымы қолы

_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

5 Мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған меншік иелері мен операларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 4 маусымдағы
№ 114/НҚ және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 52 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне,
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе
мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған меншік
иелері мен операларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның
аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иелеріне қатысты
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық
цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуын
тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тағайындау туралы акт
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1.
электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу бойынша талаптардың сақталуы
2.
куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін иеленушілер туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етуі
3.
тіркеу куәлігін иеленушінің өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымсыз қолжеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолдануы
4.
электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға беру бойынша тыйым салу туралы талаптың сақталуы
Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________________________ ________
лауазымы қолы
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ ________________
лауазымы қолы
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы