Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 1 · қабылданған 12.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132664/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·12.06.2019
18.09.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
12.06.2019
Көрсетілген редакция
18.09.2019 132664_421851.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NP008538
ЭКБ идентификаторы
132664
Редакция идентификаторы
132664_421851
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:33

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 01-20/72 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Өлеңді ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылының аумағында орналасқан «Борщёв Николай Михайлович» жеке кәсіпкердің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Науырзым аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Науырзым ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Науырзым
аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ А. Х. Аңсағаев
2019 жылы «12» маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетiнiң Науырзым
аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндеттерін атқарушы
______________ Е. А. Досқалиев
2019 жылы «12» маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
«Науырзым ауданының
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ С. Ғ. Олжабаев
2019 жылы «12» маусым

Қолданыстағы