Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Тереңкөл

Ереже · № 7/45 · қабылданған 13.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132665/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Тереңкөл Қолданыста Ереже ·№ 7/45 ·13.06.2019
15.06.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Тереңкөл

Қолданыста Ереже ·№ 7/45 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Тереңкөл
Атауы (қаз.)
Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7/45
Қабылданған күні
13.06.2019
Көрсетілген редакция
15.06.2023 132665_638442.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PH006424
ЭКБ идентификаторы
132665
Редакция идентификаторы
132665_638442
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:32

0 Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау

туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

2

2. Качир аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Качир ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) № 6/22 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 13 маусымдағы
№ 7/45 шешімімен бекітілген
Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
ереже

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2

2. Құрмет грамотасымен Тереңкөл ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтырлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

3

3. Аудандық мәслихатына Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдарды аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның әкімі, аудан бюджетінен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдардың, ауданның аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданның ауылдық округтерінің әкімдері, ауданның қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

4 4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

2 2-тарау. Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

5 5. Құрмет грамотаның формасы:

- қазақ тілінде: Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасы;
- орыс тілінде: Почетная грамота района Тереңкөл.
Құрмет грамота қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде «Тереңкөл ауданы» және төменгі бөлігінде орыс тілінде «район Тереңкөл» жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және оң жағында орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.

3 3-тарау. Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

6 6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Тереңкөл аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының төрағасы және Тереңкөл ауданының әкімі қол қояды.
Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

7 7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда марапатталушыға жеке тапсыру етіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша тұлға тапсыру етеді.

8 8. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Тереңкөл ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

9 9. Наградтау бойынша материалдар Тереңкөл ауданының мәслихатында сақталады.

Қолданыстағы