Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельный участок
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 17.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2019 132668_410938.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NTH08540
- ЭКБ идентификаторы
- 132668
- Редакция идентификаторы
- 132668_410938
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:29
0 Жер учаскесіне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі Костряков ауылы аумағында орналасқан, ауданы 2,1006 гектар жер учаскесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;