Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 22 · қабылданған 18.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132672/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Өзге акт ·№ 22 ·18.06.2019
18.06.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Өзге акт ·№ 22 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22
Қабылданған күні
18.06.2019
Көрсетілген редакция
18.06.2019 132672_410934.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NTL08549
ЭКБ идентификаторы
132672
Редакция идентификаторы
132672_410934
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:29

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Федоров ауданының Пешков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округі Пешков ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,0600 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Федоров ауданының Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет –ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы