Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Семей по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива

Өзге акт · № 39/272-VI · қабылданған 18.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132683/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Семей по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива Күшін жойған Өзге акт ·№ 39/272-VI ·18.06.2019
29.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Семей по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива

Күшін жойған Өзге акт ·№ 39/272-VI · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Семей по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива
Атауы (қаз.)
Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39/272-VI
Қабылданған күні
18.06.2019
Көрсетілген редакция
29.04.2020 132683_461555.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VB006033
ЭКБ идентификаторы
132683
Редакция идентификаторы
132683_461555
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:29

0 Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын

және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың
мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік
қолдау көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 – бабының 5 - тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, бюджет қаражаты есебінен

11,733 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде 31104 (отыз бір мың жүз төрт) теңге мөлшерінде
көрсетіледі.

2 2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

1 1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;

2

2) жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) әлеуметтік қолдауды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, қызмет берушіге немесе ауылдық округ әкіміне еркін нысанда жазылған өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады;

3

3) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

4 4) әлеуметтік қолдауды тағайындаудан бас тартуға:

көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Семей қаласынан тыс ауылды жерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда жыл ішінде екінші рет жүгінуі негіз болады.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы