Об утверждении Правил безопасного обращения с гражданским и служебным оружием
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил безопасного обращения с гражданским и служебным оружием
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 562
- Қабылданған күні
- 20.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2020 132691_493798.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018881
- ЭКБ идентификаторы
- 132691
- Редакция идентификаторы
- 132691_493798
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:26
0 Азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын бекіту туралы
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының
29-бабы 1-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы «20» маусымдағы № 562 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау тәртібін айқындайды.
2 2. Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын, сондай-ақ атыс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді, пневматикалық, электрлік қаруды сатып алатын адамдарды даярлау және қайта даярлау қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда жүргізіледі.
3
3. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлер «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 4) тармақшасына сәйкес бекітілетін Жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес мамандандырылған оқу орталықтарында қару иелері мен пайдаланушыларын даярлаудан және қайта даярлаудан өтеді.
4 4. Қару иелері мен пайдаланушылары:
1 1) қару мен патрондар олардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ оларға бөгде тұлғалардың рұқсатын болдырмайтын шарттардың сақталуымен құлыпқа жабылатын сефтерде немесе металл шкафтарда, жәшіктерде сақтау. Бұл ретте қару оқсыз оралған күйінде болады;
2 2) қаруды және патрондарды ұқыпты пайдалану және қару мен патрондарды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау;
3 3) қауіпсіздік (қоса берілген қарудың әрбір моделі үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың) талаптарын сақтау;
4 4) қаруды оқсыз оралған күйінде тасымалдау қажет (қапта, кобурада, арнайы тарада, кейстерде, футлярда).
5 5. Қарудың иелері мен пайдаланушыларына:
1 1) қажет болмаса қаруды оқтауға, сақтандырғышты сөндіруге, оқтау сәтіне дейін саусағын шүріппеге қоюға;
2 2) егер қару оқталған болса да оны өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда, адамдарға, үй жануарларына, көлік құралдарына немесе олар пайда болуы мүмкін бағыттар бойынша, ғимараттарға, құрылыстарға, электр желілерінің сымдары мен тіреуіштеріне, сондай-ақ өзге де қауіпті бағыттарға бағыттауға;
3 3) қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге берілген тиісті рұқсатсыз сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға және пайдалануға;
4 4) атыс үшін ақауы бар не бұзылған (жарықтары болса, майысқан, сырылған, тотыққан болса) қару мен оның патрондарын, сондай-ақ көзге көрінетін ақаулары бар (сынған, жарықтары бар, бұрандалары жоқ, адырнасы бұзылған) лақтырылатын қаруды пайдалануға;
5
5) пайдаланатын қару модельдерінен атуға арналған қарудың патрондарын және зақымдаушы элеметтердің қуаты өздігінен ұлғайтылған патрондарды, қолдан жасалған зақымдаушы элементтерді (азаматтардың жеке пайдалану үшін жарақталған аңшылық атыс тегіс ұңғылы қарудың патрондарынан басқасы), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен патрондарды, атылмай қалған патрондарды қолдануға;
6 6) тұрақсыз жағдайда немесе көп ұңғылы қарудан біруақытта бірнеше ұңғыдан атуға;
7 7) көзге көрінуі шектеулі, сондай-ақ шу, сыбдыр жағдайында анық көрінбейтін нысана бойынша атуға;
8 8) қарудың құрама бөлшектері мен компоненттеріне өздігінен жөндеу жүргізуге, оларға тактикалық-техникалық сипаттамаларын өзгертетін конструктивтік өзгерістер енгізуге;
9 9) қару мен оның патрондарын арнайы жабдықталған сақтау орындарынан тыс жерлерде қалдыруға, сондай-ақ оларды бөгде адамдарға беруге;
10
10) есірткі құралдарын, психотроптық, уытқұмарлық және басқа да есеңгірететін заттарды пайдаланған күйде және (немесе) алкогольдік масаң күйде, зейінді төмендететін және ден қою жылдамдығын төмендететін дәрі-дәрмектің әсерінен, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігінің және қару мен оның патрондарының сақталуының қаупін тудыратын қаруды алып жүруге, тасымалдауға және пайдалануға, оның патрондарын жарақтауға жол берілмейді.
2 2-тарау. Азаматтық қару мен оның патрондарын қауіпсіз ұстау тәртібі
1 1-параграф. Газды пистолеттер мен револьверлер, механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған аэрозольді және басқа да құрылғылар
6 6. Газды пистолеттердің және револьверлердің (бұдан әрі – газды қару) иелері:
1 1) газды қарудың патрондары герметикалық орамда сақтау, алып жүру және тасымалдау;
2 2) газда қарудың патрондарын орамнан ашқаннан кейін патронда және орамның ішкі жағында ұнтақ түрінде көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттардың жоқ екеніне көз жеткізу;
3 3) егер патрондары бар орамды ашқаннан кейін көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттардың (түшкіру, тамақтың жыбырлауы, көз бен мұрынның жануы, жас ағу, мұрыннан су ағу) әсері сезілсе газды қарудың патрондарын спиртке немесе спирт ерітіндісіне суланған тампонмен сүрту;
4 4) герметизацияны болдырмау үшін патрондарды соққылар мен құлаудан қорғау;
5 5) оқтау және оқсыздандыру кезінде газды қаруды жоғары не өзге де қауіпсіз бағытта бағыттауға;
6 6) аэрозоль бұлтының әсер етуін болдырмау үшін атқан кезде газды қаруды қолды созып ұстау, атқаннан кейін бірден бірнеше метрге қарай кету;
7 7) газды қарудың патрондарын, атылған гильзаларды және газды қарудың бөлшектерін ұстаған қолмен бетті, әсіресе көзді ұстамау қажет;
8 8) оқ атқаннан кейін газды қаруды спиртке немесе құрамында кемінде 40 пайыз спирт бар ерітіндісіне суланған шүберекпен тазалап, полиэтилен пакетке орналастыру қажет.
7
7. Механикалық шашыратқыштардың, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған аэрозольді және басқа құрылғылардың иелеріне адамға 0,5 метрден астам қашықтықта орташа және ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтіретін механикалық шашыратқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған аэрозольді және басқа құрылғыларды қолдануға жол берілмейді.
8 8. Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жабдықталған механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және басқа да құрылғыларды 0,5 метрден астам қашықтықта қолдану адамның белсенді іс-қимылға қабілетін жоғалтуға әкеп соқтыруы, бірақ 30 минуттан аспауы тиіс.
9 9. Газды қару иелеріне:
1 1) қарсы жел кезінде және жабық шектелген кеңістіктің ішінде (бөлмеде, лифтте, көлік құралында), ұңғы кесіктен зақымдау объектісіне дейін кемінде
1 метр қашықтықта газды қаруды пайдалануға;