Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания

Бұйрық · № 415 · қабылданған 20.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-132699/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания Қолданыста Бұйрық ·№ 415 ·20.06.2019
20.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания

Қолданыста Бұйрық ·№ 415 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания
Атауы (қаз.)
Кiрме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
415
Қабылданған күні
20.06.2019
Көрсетілген редакция
20.06.2019 132699_412645.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018882
ЭКБ идентификаторы
132699
Редакция идентификаторы
132699_412645
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:26

0 Кiрме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кiрме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы «__»__________
№_____ бұйрығына
қосымша
Кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан РеспубликасыЗаңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-36) тармақшасына сәйкес әзірленді және кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін (бұдан әрі – бірыңғай технологиялық процесс) әзірлеу тәртібін айқындайды.

2 2. Бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеу 50 (елу) вагон және одан да көп орташа тәуліктік жүк айналымы бар меншікті локомотивтермен қызмет көрсетілетін ұйымдардың кірме жолдарының келісілген, техникалық-технологиялық жұмысын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

3 3. Бірыңғай технологиялық процесс деп вагондарды беру – әкету шартын жасасу үшін қажетті кірме жол мен жанасу станциясының өзара іс-қимыл шарттарын регламенттейтін құжат (еркін нысанда) түсініледі.

2 2-тарау. Кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу тәртібі

4 4. Бірыңғай технологиялық процесс Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасына және халықаралық келісімдерге (шарттарға) сәйкес жасалатын шарттар негізінде тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы әзірленеді.

5 5. Бірыңғай технологиялық процестің мазмұны дұрыс және бір мәнді түсіндіреді.

6 6. Әзірленетін бірыңғай технологиялық процестердің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін мынадай ақпаратты қамтиды:

1 1) кірме жолдар мен жанасу станциясының құрылыстары мен құрылғыларының техникалық және пайдалану сипаттамасы;

2 2) өндірістің жоспарлы – төмендетілетін көлемдері бар кәсіпорындардан басқа, жүктерді тасымалдаудың нақты және ең жоғары жоспарлы (алдағы үш жылдан) көлеміне сүйене отырып есептелген жүк және вагон ағындарының мөлшері;

3 3) маневрлік жұмысты ұйымдастыру және техникалық операцияларды орындауға арналған нормаларды есептеу;

4 4) кірме жолдың және жанасу станциясының техникалық құралдарын, құрылыстары мен құрылғыларын кооперациялық пайдалануды жүзеге асыру;

5 5) вагондарды беру-жинауды ұйымдастыру;

6 6) вагондарды, берілістер мен поездарды өңдеу кестелері;

7 7) технологиялық тасымалдау кестелері;

8 8) станция мен кірме жол жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі;

9 9) жүк операцияларын орындауға арналған технологиялық уақыт;

кірме жолдағы вагондар айналымының технологиялық мерзімдерін есептеу;

11 11) станция мен кірме жолда жүк және коммерциялық жұмысты жедел жоспарлау, басшылық ету және ұйымдастыру тәртібі;

12 12) қысқы жағдайларда жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

13 13) вагон паркін сақтау жөніндегі шаралар;

14 14) орындалатын жұмысты бақылау мен талдауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар;

15 15) есептік бөлім, қосымшалар;

16 16) кірме жолдар мен жанасу станцияларының жұмысына байланысты мәліметтер.

7 7. Бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеуді және оларды келісуді жүзеге асыратын Комиссияның құрамы Заңның 14-бабы 2-тармағының 34-33) тармақшасына сәйкес бекітілетін теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында айқындалады.

8

8. Бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеу ерекшеліктерін кірме жолда және жанасу станциясында пайдаланылатын технологиялық құралдарды, құрылыстар мен құрылғыларды, жыл мезгілдерін, жергілікті жердің ауа райы жағдайларын және кірме жолдар мен жанасу станцияларының жұмысына әсер ететін өзге де факторларды негізге ала отырып, бірыңғай технологиялық процестерді дайындауды жүзеге асыратын комиссия белгілейді.

9 9. Қысқы жағдайларда кірме жолдың үздіксіз жұмысы көлік шаруашылығын дайындаудың уақтылығы мен сапасына, технологиялық және техникалық шараларды жүргізуге байланысты.

10 10. Бірыңғай технологиялық процесті әзірлеу кезінде айлар бойынша бөле отырып, өткен жылғы жүктердің нақты келуі және жөнелтілуі, вагондарға және тонналарға тиеу және түсіру туралы деректерді, вагондардың меншік иелеріне (тиесілілігіне), жүктің атауын, жылжымалы құрамның типін есепке алу қажет.

11

11. Станцияның және кірме жолдың барлық техникалық құралдарын, құрылыстары мен құрылғыларын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін және кірме жолдағы вагондар айналымының технологиялық мерзімін айқындайтын тәуліктік жоспар-кесте (еркін нысанда) бірыңғай технологиялық процесті жасауды аяқтайтын қорытынды құжат болып табылады.

12 12. Бірыңғай технологиялық процесс бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеуге жұмылдырылған тасымалдау процесіне қатысушылардың жұмыс технологиясы өзгерген жағдайларда түзетіледі.

Вагондарды беру-әкету шартының мерзімі өткен кезде бірыңғай технологиялық процесс қайта жасалады немесе бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеуді жүзеге асыратын Комиссияның шешімі бойынша ұзартылады.

Қолданыстағы